Без рубрики

ҚазСТА президенті, профессор Закирьянов Қайрат Қайроллаұлының “Если можешь идти к источнику, не пей из кувшина” кітабының тұсаукесері өтті.

IMG_51252021 жылдың 3 Наурызы сағат 11:00 –де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, профессор Закирьянов Қайрат Қайроллаұлының “Если можешь идти к источнику, не пей из кувшина” кітабының тұсаукесері өтті.
Білім және ғылым саласында өзіндік орны бар жазушының кезекті туындысы әр түрлі кезеңде, өңірлерде өмір сүрген тұлғалардың ақыл-ой, парасатын баяндайды. Дегенмен бұл кітап – ұлы адамдардың нақыл сөздерін жинап қана қоймай, Орта Азия мен Қазақстандағы ірі спорттық жоғарғы оқу орнының басшысы, математик, кітап авторы өзінің өмірлік және көпжылдық кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

IMG_5130WhatsApp Image 2021-03-03 at 14.26.46IMG_5046IMG_5144
Қайрат Қайроллаұлының туындысында әлемдік философтар мен саясаткерлердің ойлары өзіндік ерекшелік береді. Ол бірнеше тарихнама, естелік, математика ғылымдары бойынша кітаптарының авторы.
Автордың жазуынша, бұл кітап Ұлы Даланың ұлдары мен қыздарына басқа адамдардың қателіктерін қайталамауға арналған.
Кітапта ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі 1000-нан астам афоризмдер қолданылған.

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close