Без рубрики

Факультетаралық «Жайдарман» ойындары

Ақпан айының 20 жұлдызында Қазақ спорт және туризм академиясында факультетаралық «Жайдарман» ойындары өтті. Ойынға 5 топ қатысты. Екі топ қонақ ретінде өз өнерін көрсетті. Олар 2019 жылдың Student Life лигасының вице-чемпиондары АУЭС құрамасы «Ықылық» және 2019 жылғы қалалық Суперлиганың чемпиондары «Энерго Алматы».⠀

⠀⠀Қазылар құрамында Алматы Жайдарман филиалының директоры, продюсер, автор Ондасын Құлымбетов; вайнер, актер, автор, Жайдарман Жоғарғы лиганың «Аялдама» тобының мүшесі Есентай Ниязбаев; «Жігіт сұлтаны» Barber shop директоры, КТА Жоғарғы лиганың «КазИТУ» Орал тобының мүшесі Салауат Жұмабаев; тележүргізуші, автор, «Номад» тобының капитаны, лигамыздың бас редакторы Абдинұр Сұлтангалиев; қазылар алқасының төрағасы, КазСТА бірінші проректоры-басқару аппаратының жетекшісі Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы болды.⠀

⠀⠀⠀Қазылар алқасының шешімі бойынша «Абая 85» және «012» топтары ойынға қатысып ерекше өнер көрсеткендері үшін алғыс хатқа ие болды.⠀
3 орынның кубогын жеңген «ТОО Рыскуль Борановна» тобы;⠀
2 орын – «Легион» тобы;⠀
ойынның жеңімпаздары «ЖК Жатақхана 4» тобы атанды.⠀

⭐️«Үздік әзіл» номинациясына «ЖК Жатақхана 4» тобы ие болды.⠀
⭐️«Абая 85» тобының ойыншысы Аяжан Қадыр «Үздік затравщик» номинасиясын жеңіп алды.⠀
⭐️«Үздік ойыншы» «ЖК Жатақхана 4» тобының капитаны Алтынбек Кәдір атанды, оған қоса «ЖК Жатақхана 4» тобының ойыншысы Абзал Бәйімбетов «Жігіт сұлтаны» Barber shop сертификатын ұтып алды.⠀

T_7k4-d3w2Q biICrT0Ubvs E1FEYubWbDM H2oFb1GU8UE uyypBblKNYw yc8h-pC7b-k jpVMsDj6aLQ UvauiIrRO3w -mKHVMWNl50

Close