Без рубрики
«Поэзия – махаббаттан басталады»
15 сәуірде жастар жылы аясында Қазақ спорт және туризм академиясында Қазақстанның ерекше мерекесі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» атты қазақ даласында ұлы махаббатқа арналған “Поэзия – махаббаттан басталады” қойылым концерті өтті. Іс-шараның мақсаты: махаббат құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту, жастарға махаббат тек ер адам мен әйел адам арасында ғана емес, отанға, өз жақындарына, өз жұмысына, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бұл іс-шарада Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы жастарды құттықтап, өз басынан өткен махаббат сезімі жайлы бөлісті.
Бірінші проректор Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы қазақ даласындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» атты ұлы махаббат күнімен барлық студенттер мен академия ұжымын құттықтап, сондай-ақ өзінің алғашқы сезімдері туралы бөлісіп, сүйікті жұбайына арналған өлеңін оқыды. Туризм факультетінің деканы Имангулова Татьяна Васильевна мен Туризм саласындағы эксперт, еңбек сіңірген қызметкері Оразымбетова Бақыт Камалқызы жастарға махаббат сезімі жайлы үлгі – өнегемен бөлісті. Іс-шараны ұйымдастырушы, туризм факультетінің туризм және сервис кафедрасының магистр, аға оқытушы Кадырбекова Динара Сериковна мен 3 курс 5В091200 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мен 5В090200 – «Туризм» факультетінің студенттері «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» атты қазақ даласындағы ұлы махаббат күні «Поэзия – махаббаттан басталады» атты тақырыптағы іс – шараны жоғары деңгейде өткізді.