ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ

Қазақ спорт және туризм академиясы оқу-әдістемелік бөлімі қызметінің  мақсаты оқу-әдістемелік үрдісті басқару және барлық мамандық студенттері үшін оқу үрдісінің тиімділігін және оқыту сапасын жоғарлататын заманауи технологиялар мен оқу құралдарын жүйелі түрде жетілдіру болып табылады.

Негізгі міндеттер

– білім берудің кредиттік технологиясы негізінде академияның оқу-әдістемелік үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару;

– оқу үрдісінің тиімділігін арттыру және оқытудың  жаңа технологияларын енгізу мен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыруға бақылау жасау;

– білім беру үрдісін жетілдіруге бағытталған ішкі нормативтік-әдістемелік материалдар әзірлеу;

– академиядағы дайындықтың барлық түрлеріне арналған  білім беру бағдарламаларын үздіксіз дамыту;

– бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын  үйлестіру, жұмыс оқу жоспарларын дайындау;

– оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін факультеттердің, кафедралардың және басқа да бөлімшелердің оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру;

– оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру (факультет деканаттарымен бірге);

– білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру;

– бакалавриат мамандықтарының барлық түрлеріне арналған практикаларды ұйымдастыру және өткізу;

– студенттердің қорытынды аттестациясын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;

– нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға дер кезінде жауап беру;  

– мемлекет пен академия белгілеген нормативтік базамен оқу құжаттарын үйлестіру және белгіленген стандарттарға сәйкестікті бақылау (ОЖЖ, сағаттарды есептеу, оқу үдерісінің кестесі, жеке ПОҚ  жеке жоспары, сабақ кестесі);

– барлық мамандықтар бойынша оқу үрдісінің  оқу-әдістемелік, ақпараттық  материалдармен  қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.

– профессор-оқытушылық құрамының оқу жылына арналған штаттық кестесін  факультеттер және  кадр бөлімімен  бірлесе отырып жасау және  профессор-оқытушылық құрамды, педагогикалық кадрларды есепке алу және ағымдық реттеу, сырттай оқытушыларға қажеттілікті анықтау, сағаттық қорды есепке алу және бөлу;

– кафедра мен оқытушылардың оқу жүктемелерінің орындалуын есепке алу,  бөлу және бақылау;

– студенттер контингентінің есебі;

– барлық бағыттар  мен мамандықтар бойынша практиканың  түрлерін талдау және бақылау;

– оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарымен үйлестіру.

 

ОӘБ құрамы:

 – Студенттерге қызмет көрсету орталығы;

 – Студенттік бөлім;

 – Тәжірибе;

 – Жұмыспен қамту;

 – Оқу кестесін үйлестіру бойынша диспетчерлік.

Қызметкердің аты-жөні Лауазымы Байланыс телефоны,

электронды пошта

1 Тулеугалиева Сауле Сериковна Оқу басқармасының жетекшісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауым. проф. 8(727) 278-45-59,

saule1493@gmail.com

2 Нығмет Март Маман (оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша) 8(727) 292-20-21,

mart-1971@mail.ru

3 Бекишева Айнагуль Тараповна Студенттерге қызмет көрсету орталығының  маманы 8(727) 292-20-21

ainagul.bekisheva@mail.ru

4 Кутпанбаева Шырын Нуртаевна Маман- статист 8(727) 292-39-37

kutpanbaeva@mail.ru

5 Адилбек Көгершин Студенттерге қызмет көрсету орталығының  маманы 8(727) 292-20-21

kogershin@inbox.ru

6 Елеу Сымбат Қайратқызы Бас маман- диспетчер 8(727) 292-20-21

simbat-94@mail.ru

 

7 Райымбекова Айдана Абайқызы Маман – диспетчер 8(727) 292-20-21

inyaz.106@mail.ru

8 Төке Сандуғаш  Талдыбекқызы Жұмыспен қамту бойынша маманы 8(727)292-20-21  toke.sandugash@bk.ru
9  Байбосын Алуа Аятовна Кәсіби практика бойынша маманы 8(727)292-20-21    aluabaibossyn@gmail.com
10 Cерікқали Айнагүл Серікқалиқызы Ақпараттық жүйелер автоматтандыру және қашықтан оқыту технологиялар маманы 8(727) 278-45-56

aserikqali@gmail.com

 

Close