ҒЗИ спорт қызметкерлері
Бекембетова Райса Абдрахмановна – биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ спорт және туризм академиясының, Спорт ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері. Спорт ғылымындағы ғылыми жұмыс өтілі 44ж. 2006 жылы спорттық физиология және биохимия бағыты бойынша Бейжіңдегі жазғы Олимпиада ойындарына (2006-2008) дайындық кезінде кешенді ғылыми топтың (КҒТ) құрамына кірді. 2009 жылдан 2012 жылға дейін Ванкувердегі қысқы Олимпиада ойындарына (2010 ж.) және Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарына (2012 ж.) дайындық кезінде КҒТ-та жұмыс істеді. 70-тен астам ғылыми еңбегі жарық көрді.
Макогонова Татьяна Александровна – Қазақ спорт және туризм академиясының, Спорт ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1996 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын бітіріп, дене шынықтыру оқытушысы, спорт жаттықтырушысы біліктілігі берілді. 2006 жылы “дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, сауықтыру және бейімделген дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі” мамандығы бойынша аспирантураны бітірді. Қазақстан құрама командаларының 2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Ванкувердегі XXI қысқы Олимпиада ойындарына, Алматыдағы VII Қысқы Азия ойындарына (2011 ж.), 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарына, Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға, 2018 жылғы Пхенчандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу дайындығында медициналық-биологиялық қамтамасыз ету жөніндегі кешенді ғылыми топтың құрамында жұмыс істеді.
Степанов Максим Сергеевич – Қазақ спорт және туризм академиясының, Спорт ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері. 2009-2013 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында туризм мамандығы (бакалавр) бойынша білім алды. 2013-2015 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында, туризм мамандығы (магистр) бойынша білім алды.