БОС ГРАНТТАР
Хабарландыру!
Құрметті білім алушылар!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуды ақылы негізде оқыту үшін білім беру грантын беру ережелерінің 24-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, 2025-2026 оқу жылының аралық аттестаттауы (жазғы емтихан сессиясы) қорытындысы бойынша, жоғары білім алу процесінде босатылған вакантты білім беру гранттарына мынадай білім беру бағдарламалары (ББ) бойынша ақылы негізде оқитын студенттер арасында конкурс жарияланады:
Бос білім беру гранттарының саны
| Білім беру бағдарламаларының топтары (БББТ) / Білім беру бағдарламасы (БББ) | Курс | ҚР ҒжЖБМ
бос гранттарының саны |
| БББТ – В005 –
Дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау |
2 | 34 |
| 3 | 12 | |
| 4 | 26 | |
| БББТ – В098 – Спорт | 2 | 1 |
| 3 | 22 | |
| БББТ – М147-Туризм | 2 | 1 |
| Жалпы: | 96 | |
Бұл конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша, үлгерімнің орташа балы GPA негізінде өткізіледі.
Вакантты білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу барысында үлгерімнің орташа балы GPA бірдей болған жағдайда, оқу кезеңінің барлық мерзімінде тек А, А- («өте жақсы») бағаларына ие білім алушылар, содан кейін А, А- («өте жақсы») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағаларына дейінгі көрсеткіштері бар білім алушылар, ал одан кейін аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Конкурсқа қатысу үшін сізге қажет:
- Қазақ спорт және туризм академиясының (ҚазСТА) Ректорының атына білім беру гранты бойынша оқуды жалғастыру туралы өтініш беру;
- жеке куәлікті растайтын құжаттың көшірмесі;
- транскрипттің көшірмесі.
Жоғары білім алу процесінде босатылған вакантты білім беру гранттарын беру тәртібі мынадай ретпен жүзеге асырылады:
- ақылы негізде білім алушы ҚазСТА Ректорының атына білім беру гранты бойынша оқуды жалғастыру туралы өтініш береді. Вакантты гранттарға өтініштерді қабылдау 2026 жылдың 27 шілдесі, сағат 17.00-ге дейін жүзеге асырылады;
- ҚазСТА осы өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңестің шешімімен бірге оны шешім қабылдау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға (ҚР ҒЖБМ) 2026 жылдың 28 шілдесіне дейінгі мерзімде жібереді;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган (ҚР ҒЖБМ) түскен құжаттарды мамандықтар, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде, түсу жылын ескере отырып қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
- білім беру саласындағы уәкілетті органның (ҚР ҒЖБМ) бұйрығы негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;
- берілген білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде ҚазСТА ректоры білім беру гранты бойынша оқуды жалғастыру туралы бұйрық шығарады.

