Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

«Ауылға дипломмен бірге» мемлекеттік бағдарламасы

Астындағы мамандықтар бойынша :

  • білім;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария жоғары оқу орнын бітірген студенттер үшін мемлекет ауылдық жерлерде тиісті әлеуметтік қолдаумен жұмыс ұсынады.

Жас мамандардын әлеуметтік қолдауы:

  • 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеуді ұсыну;
  • 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алу және салу үшін бюджеттік кредит беру;
  • ауылдық елді мекендерде орналасқан  әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына тарифтік ставкалардан (қалалық елді мекендерде) кем дегенде 25% лауазымдық жалақысын көтеру.

Бағдарламаға қатысу үшін қажет:

  • Сіз таңдаған елді мекенде (ауылдық мектеп, аурухана, мәдениет үйі, спорт кешендері және т. б. өз бетінше жұмыс іздеп табу;
  • Жұмысқа қабылдау кезінде үміткер аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш берү;
  • Жұмыс табу мүмкіндігі болмаған жағдайда, сіз ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жолықсаңыз болады, өңірлердегі кадрлардың қажеттілігі туралы деректер облыстық әкімдіктер басқармаларының сайттарында орналастырылған.

Қажетті құжаттар:

Көтерме жәрдемақы алу кезінде:  өтініш;

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • білімі туралы құжаттың көшірмесі (диплом);
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

Көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер  жоғарыда  аталған үміткерден талап етуге құқығы жоқ.

 

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша ұсынылады:

  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
  • неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  • осы ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының (зайыбының) және балаларының жылжымайтын мүлкінің жоқ(бар) екендігі туралы анықтама.

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша ұсынылады:

  • маманның атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
  • кепіл мүлкін бағалау актісі;
  • кепіл мүлкін сақтандыру шарты;
  • берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысының бір бөлігін қоса қаржыландыруға жазбаша келісім;
  • неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

Түпнұсқаны анықтау үшін құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың түпнұсқалары да ұсынылады.

Жоғарыда аталғандардан өзгеше өзге де құжаттардың кандидаттан талап етуге құқығы жоқ.

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖