Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мансап бөлімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мансап бөлімі «Қазақ спорт және туризм академиясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің негізгі мақсаты:

– жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау жөніндегі академияның қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
– академия оқытушылары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа ұйымдар тыңдаушылардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.
Бөлім келесі құжаттарды басшылыққа алады:
– «Білім туралы» заң;
– Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері;
– Академия жарғысы;
– Академияның даму стратегиясы;
– Ішкі еңбек тәртібі;
– Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдері.

Бөлімнің негізгі міндеттері:
– жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура және докторантура) бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және атқару;
– академияның оқытушылары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа ұйымдардың тыңдаушыларының біліктілігін арттыру курстарын әзірлеу және атқару;
– педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын және курстан кейінгі қолдау көрсетуді ұйымдастыру және өткізу;
– жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру және бақылау (магистранттар мен докторанттар);
– докторанттар мен магистранттарға ғылыми жетекшілік етуді және диссертацияларды дайындауды ұйымдастыру және бақылау;
– диссертацияның авторға және академиядан алынған дереккөзге сілтемесіз алынған материалды пайдалану бойынша тексерілуін бақылау;
– бөлім қызметінің бағыттары бойынша нұсқаулықтар мен нормативтік құжаттарды (ережелер, нұсқаулық) әзірлеу;
– жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау науқанын ұйымдастыру және өткізу;
– Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тиісті ведомстволарымен, ҚР КВПО және КОКСНВО МНВО-мен үйлестіру жұмыстарын жүргізу.

Контактар:
Мекен-жайы: 050022 Алматы қ., Абай даңғылы, 85, 111 бөлме
тел.: 8 (727) 292 – 30 – 07, 8 (727) 292-34-43
электрондық пошта: dskazast@mail.ru

Бөлім жетекшісі: Тулеугалиева Сауле Серікқызы, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Бөлім мамандары:
Токарева Светлана Витальевна
Изтелеуова Кульмария Елахуновна
Уртембаева Зарема Сакеновна

Білім беру бағдарламалары
Практика
Магистратура мен докторантураға қабылдау ережелері
Академиялық күнтізбе
Кестесі
Жаттықтырушылардың жоғары мектебі (ЖЖМ)
Үйлестіру-консультативтік ғылыми кеңес (ҮКҒК)
ҮКҒК ережесі
Біліктілікті арттыру курстары
Close