Қызметкерлерді басқару және іс жүргізу бөлімі

Қызметкерлерді басқару және іс жүргізу бөлімі академияның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қызметкерлерді басқару және іс жүргізу бөлімінің функциялары:

Кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде белгіленген мерзімдерге сәйкес қызметкерлер мен ПОҚ-ның тағылымдамаларын, даярлықтарын, қайта даярлықтарын, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;
Жеке құрамды есепке алу, кадрлар бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу және сақтау; қызметкерлердің осы және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, сондай-ақ ведомстволық және мемлекеттік наградалармен көтермелеу және марапаттау үшін материалдар дайындау;
Бос лауазымдарға орналасуға кадрларды іріктеу және ұсынуға резерв құру мақсатында Академия қызметкерлерінің құрамын талдау, іскерлік және кәсіби қасиеттерін зерделеу;
Академия штатын жоғары білікті мамандармен конкурстық негізде жасақтау;
Аттестаттау және біліктілік комиссияларының жұмысына қатысу;
Мамандар мен жұмысшылардың біліктілігін арттыру, кәсіби даярлау және қайта даярлау жағдайын ұйымдастыру және бақылау;
Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының сақталуын қамтамасыз ету;
Бөлім басшыларымен бірлесе отырып, қызметкерлерді таңдай отырып, Академияның Кадрлық қажеттіліктерін анықтау;
Академияның штаттық кестесін дайындау;
Кадрлардың тұрақтамауын талдау, тұрақтамаушылық проблемасына қарсы тиімді күрес әдістерін табу;
Еңбек кітапшаларымен операциялар кешенін жүргізу;
Қызметкерлердің талап етуі бойынша құжаттардың көшірмелері мен анықтамаларын бере отырып, қызметкерлердің жеке істерін ресімдеу;
Ұжымда мансаптық қозғалыс жоспарын құра отырып, қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыру;
Еңбек демалысының есебін жүргізу, еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес демалыс кестесін құру және тіркеу.

Қызметкерлерді басқару және іс жүргізу бөлімінің бастығы Мырзаева Шолпан Касеновна

Ұялы телефон:8-777-277-07-06

Жұмыс телефоны: 8 (727) 292-37-21

Close