Спорттық медицина кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми зерттеу жұмыстары

Кафедрада дене шынықтыру және спорттың медико-биологиялық мәселелері, емдік дене шынықтыру, спорттық медицина, спорттың жоғары жетістігін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.  Кафедраның ПОҚ жыл сайын халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады, зерттеу нәтижелерін «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» журналында жариялайды. Зерттеудің нәтижелері оқу материалдарын, дәрістер, семинарлар курстарын, тест және емтихан сұрақтарын жетілдіруде, сондай-ақ студенттер мен магистранттардың практикалық сабақтарында пайдаланылады.

Спорттық медицина кафедрасының ҒЗЖ нәтижелері ауруханаларда, фитнес клубтарда, М.Закирьянова атындағы рекреация және оңалту орталығында (команда құрамалары, жаттықтырушылар және т.б.) қолданылады.

Кафедрада «Адам денсаулығы рекреациясындағы спорттық медицинаның инновациялық технологиялары мен құралдары» зертханасы белсенді жұмыс істейді. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер Академияның ғылыми-практикалық конференцияларына және республикалық және халықаралық ғылыми студенттік конференцияларға қатысады. Кафедра студенттері жыл сайын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша студенттер мен магистранттар арасында ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында жүлделі орындарға ие болады.

Кафедра Литва спорт университетімен, Украинаның  дене тәрбиесі және спорт Ұлттық университетімен, ҚарМУ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығымен ынтымақтастық жүргізеді. Жыл сайын бірлескен конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

 

Close