Әлем тілдері кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

Әлем тілдері кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

 

Қазіргі уақытта кафедрада «Кәсіби-бағдарланған шет тілінде білім беру аясында дене шынықтыру мамандығы студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Кәсіби-бағдарланған тілдерді оқыту үдерісіндегі негізгі мәселелерді анықтау мақсатында эксперименттік зерттеулер жүргізіліп, аталған мәселелерді шешудің ғылыми жолдары ұсынылуда.

2025 жылы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Алматы қаласында өткен I Республикалық ғылыми-практикалық «Тіл және мәдениет: жаһандану жағдайындағы өзара байланыс» конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде қатысты. Конференция аясында тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығына қатысты өзекті мәселелер бойынша ғылыми баяндамалар ұсынылды. Іс-шараға Академияның және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бұл жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және зерттеушілік құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етті.

2024 жылғы қаңтар айында Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері үшін «Ғылыми мақала: ағылшын тілінде ғылыми мақалаларды жазу ережелері» тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Аталған вебинарды кафедра оқытушысы Бақытжан Э.Қ. ұйымдастырды. Ол 2023 жылы Baker Street Education Center базасында «Writing a Scientific Paper and Basics of Statistic Methods of Analysis in IBM SPSS Statistics» атты курсты сәтті аяқтаған.

8

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми конференцияларға тұрақты түрде қатысып, зерттеу нәтижелерін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ККСОН) ұсынған журналдарда, сондай-ақ SCOPUS деректер базасына енгізілген және басқа да отандық әрі халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялап отырады.

2023 жылы кафедраның аға оқытушылары Минбаева С.М. мен Мирзалиева С.Е. онлайн форматта өткен “Global Science and Innovations 2023: Central Asia, Astana” и “Educational spaces: International approaches and sustainable solutions for creating a prosperous educational environment, Czech Republic” атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

0

2022 жылғы наурыз айында кафедра оқытушысы Бақытжан Эльмира Қаржаубайқызы Болгария Республикасының Благоевград қаласындағы «Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университетінде 2022 жылғы 22 наурыз бен 15 сәуір аралығында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми-зерттеу бағытындағы шетелдік тағылымдаманың негізгі мақсаты – тілдік емес мамандықтар студенттерін даярлау саласында заманауи ғылыми зерттеу әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын бекіту болды.

Шетелдік ғылыми кеңесші, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Х. Дерменджиевамен бірлесе отырып «The actuality of teaching foreign language using digital technology at non linguistic universities» тақырыбында ғылыми мақала жазылды.

 

 

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма