Спорттық медицина кафедрасының тарихы

СПОРТТЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

 

  1. Кафедры тарихы

   Спорттық медицина кафедрасы теориялық және бітіруші кафедра болып табылады.

Бүгінгі таңда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы үшін «Спорттық медицина», «Емдік дене шынықтыру және массаж» курстарынан, сондай-ақ «Емдік дене шынықтыру және массаж», «Денсаулық менеджменті» білім беру бағдарламалары бойынша мамандану пәндерінен тұрады.

Өзінің жұмыс істеген уақытында кафедра көптеген ұйымдық өзгерістерге ұшырады.

1969 жылдан 1978 жылға дейін кафедраны З. М. Хайрушева басқарды, 1978 жылдан 1998 жылға дейін м. ғ. д., профессор Е. К. Нұрмағамбетов,  1999 жылдан 2000 жылға дейін м. ғ. д., профессор А. Б., Буркашов, 2000 жылдан 2005 жылға дейін м. ғ. к., доцент Т. К Мұстафина., 2005 жылдан 2014 жылға дейін п. ғ. к., доцент  Ж. М. Андасова басқарды, содан кейін 2014 жылы кафедра «анатомия, физиология және спорттық медицина» кафедрасы болып қайта құрылды, кафедраны 2017 жылға дейін б.ғ.к. Ж.С. Кисебаев басқарды

ҚазСТА  ғылыми кеңесінің шешімімен 2017 жылы анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасы 2 кафедраға бөлінді, нәтижесінде анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасы құрылды.

Қазіргі уақытта спорттық медицина кафедрасын медицина ғылымдарының кандидаты, доцент А. Е. Сатыбалдина басқарады.

Көптеген жылдар бойы кафедраның қалыптасуы мен дамуына, дене шынықтыру және спорт, емдік дене шынықтыру және массаж, спорттық медицина саласында мамандар дайындауға үлкен үлес қосқан оқытушылар: м. ғ. к., доцент Акопян Г. И.; м. ғ. к., доцент Пигулевская М. И.; м. ғ. к., доцент Трикозова М. А.; м. ғ. к., доцент Д. М. Шапиро; м. ғ. к., доцент Искакова Р. Г.; м. ғ. к., доцент Амангельдиева Р. Р.; м. ғ. к., доцент Мансуров В. Ш.; доцент Дунаева З. К.; м. ғ. к., доцент Рахметова С. Р., п. ғ. к., доцент Садықов У. С., п. ғ. к., доцент Құрманбаев А. А., м. ғ. к., доцент Кейкин М. Ж., м. ғ. к., доцент Р. Г. Костоградова, м. ғ. к., доцент Б. А. Крутоногий массаж бойынша жоғары білікті маман Л. Давыденко.

Спорттық медицина кафедрасы Қазақ спорт және туризм академиясының негізгі бітіруші кафедраларының бірі болып табылады. Кафедра қызметкерлері 3 негізгі курс, 15 арнайы курс жүргізеді.

Қазіргі уақытта кафедрада “Емдік дене шынықтыру және массаж” және “Денсаулық менеджменті”мамандандыруы бойынша студенттерді дайындау жүргізіледі.  Кафедра түлектері дене шынықтырудың әртүрлі салаларында, оңалту орталықтарында, фитнес клубтарда, санаторийлерде, емдеу-алдын алу мекемелерінде, массаж орталықтарында жұмыс атқарады.

 

 

Close