Анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының тарихы
Анатомия – бұл тағдыр.
З.Фрейд.
Анатомия – тірі ағзалардың құрылысы мен орналасу ерекшеліктері туралы ғылым.
Физиология – тірі ағзалардың құрылымы, қызметі мен тіршілік әрекетіның заңдылықтары туралы ғылым.
Спорттық медицина – спортшы дайындығын медико-биологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге жауапты медицина ғылымның бір бөлігі.
Осы аталған ұғымы терең ғылымдар саласы «Дене шынықтыру және спорт», «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» және «Фитнес және рекреация» білім беру бағдарламаларын таңдаған студенттерге анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының оқытушы профессорлар құрамы жетекшілігімен жүргізіліп, студенттерге адам ағзасындағы тірішілік әрекетіне қатысты ағзалар мен мүшелер жүйесінің қызмет-құрылымы, заңдылықтары туралы білім береді.
Анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасы теориялық әрі жалпы-ғылыми бағыттағы кафедра болуымен қатар, Олимпиадалық спорт факультеті құрамдас бөлімі бола отырып, аталған факультет деканы Х.С. Хайдаров кафедра меңгерушісі ретінде кафедраның ғылым және білім саласындағы жетістіктеріне бағыт-бағдар беріп отырады. Кафедра анатомия мен физиология және спорттық медицина мен ЕДШ кафедраларының бірігуі нәтижесінде құрылған.
Аталмыш кафедра Қазақтың спорт және туризм академиясының құрылыуымен қатар келе жатқан негіздемелі кафедраларының бірі болып табылады. Қазақтың дене шынықтыру институты болып қалыптасқанына 80 жыл астам уақыт болса да, кафедра оқытушы –профессорлар құрамы өз бағыттарын өзгерпей, ғылыми-зерттеу бағытында жас ұрпаққа өз шеберліктерін үйретумен қатар білімділікке тәрбиелеп келеді.
Кафедраның негізінің қаланып, қалыптасуына көптеген адамдар үлес қосты. Атап айтар болсақ, Қазақтың денешынықтыру институтының алғашқы ректорларының бірі Х.М. Мухамеджанов, профессор А.Д., Бернштейн профессор А.Б. Утешев, профессор И.А. Потапов, профессор С.Ж. Буғыбаева, профессор Л.Р. Кудашова , ҚазСТА профессоры Я.И.Невский , профессор Е.Т Петренко , доцент Р.Б.Лесбекова т.б. Сонымен қатар, Қазақстанға белгілі оқытушылар мен жаттықтырушылар: М.У.Хван , П.Ф. Матущак, А.Г.Зима , Ю.Л.Кислицин, А.Н.Макогонов, А.С.Иванов, Л.Р.Кудашова т.б. жұмыс атқаруда.
Ал кафедра меңгерушілері болып жұмыс атқарған ғалымдарға келер болсақ, м.ғ.д., профессорА.Д. Бернштейн, м.ғ.д., профессор А.Б. Өтешов, м.ғ.д., профессор И.А. Потапов т.б.
1991-1998 жылдары б.ғ.к, доценты С.К. Юмашева
1999-2008 жылдары б.ғ.д, профессоры С.Ж. Бұғыбаева;
2008-2011, 2013-2014 жылдар аралығында – б.ғ.к, доцентР.Б. Лесбекова;
2011-2013 жылдары – м.ғ.к, доцент Э.О.Нұрғожина;
2017-2019 жылдары – м.ғ.к, доцент А.Е. Сатыбалдина (спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі);
2014 жылдан бері б.ғ.к. Ж.С. Кисебаев кафедра меңгерушісі.
Сонымен қатар кафедрада көптеген жылдар бойы б.ғ.д., профессор Құрманбаев, б.ғ.к., профессор С.Қ. Юмашева, б.ғ.к., профессор Е.Т. Петренко, б.ғ.к., доцент С.Т.Сарсенова, м.ғ.к., доцент Л.М. Амангельдиева еңбек етті.
Ал қазіргі кездегі кафедра ұжымы келесі ОПҚ тұрады:
Ж.С. Кисебаев, б.ғ.к., кафедра меңгерушісі;
Л.Р. Кудашова, б.ғ.д., профессор;
Д.И. Курилова, б.ғ.д., профессор;
А.О. Ұлықбекова, м.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессор;
З.В. Абдишева, б.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессор;
Р.Б. Лесбекова, б.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессор;
Б.Ғ. Есжан, доктор PhD, м.а. қауымдастырылған профессор;
А.С. Катчибаева, б.ғ.к., м.а. қауымдастырылған профессор;
В.С. Ким, м.ғ.к., аға оқытушы;
С.Т. Маженов, б.ғ.к., аға оқытушы;
Г.С. Ерданова, доктор PhD, м.а. қауымдастырылған профессор;
Г.Д., Дәулет, доктор PhD, м.а. қауымдастырылған профессор;
Э.М. Қайрлбаева, магистр, аға оқытушы;
Е.Е. Даулетканов, магистр, оқытушы.
Қазіргі таңда кафедрада екі ғылым докторы,профессорлар, бес ғылым кандидаты, үш PhD докторы, яғни бұл дегеніміз кафедраның ОПҚ 60 % құрайды деген сөз.
Кафедра құрамына түрлі ұйымдардың өкілдері де кіреді:
Сағымбаев Н. Б. – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, доцент, қауымдастырылған профессор, “Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының “Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған” Алматы” спорт клубы ” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы;
Жұмабаева Г. Б. – доктор PhD, м.а. қауымдастырылған профессор, Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының өкілі;
Мурзалинова-Яковлева С. О. – магистр, оқытушы, “әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы” қоғамдық қорының директоры, InSite school мектебінің басшысы.
Ғылыми жұмыстар жағынан кафедрада медико-биологиялық бағыттар көптеген жұмыстар атқарылып, спортшыларды дайындау барысында көптеген жетістіктерге қол жеткізуде (Л.Р. Кудашова, А.О. Ұлықбекова, Р.Б. Лесбекова және т.б.).
Кафедрада төмендегідей пәндер бойынша дәрістер оқылып, лабораториялық және практикалық сабақтар жүргізіледі:
- Тіршілік қауіпсіздік негіздері және экология;
- Анатомия және спорттық морфология негіздері;
- Жасерекшеліктері физиологиясы және биохимиясы негіздері;
- Спорттық медицина және спорттағы допингке қарсы бақылау;
- Емдік дене шынықтыру және массаж;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері және спорттық метрология;
- Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері;
- Спортшы ағзасын оңалту және т.б.
Кафедрада анатомия және спорттық морфология пәнінен лабораториялық сабақтар жүргізуге арналған және әртүрлі материалдар (қаңқа сүйектері, формалиндегі мүшелер, жасанды адам ағзасы мүшелері т.б.) сақталған анатомиялық мұражай бар.
Анатомиялық мұражайдың ашылуына сол кездегі институт ректоры, доцент Мұхамеджанов Х.М. көп үлес қосты.
Кафедра оқытушы-профессорлар құрамы кафедра пәндері бойынша оқу- әдістемелік жиынтық бойынша жұмыс бағдарламаларын құрастырып, сабақ жүргізу барысында қолданылуда. Сонымен бірге кафедра ОПҚ оқу-әдістемелік оқулықтары да баспалардан жарық көрген, лабораториялық және семинар сабақтарында кеңінен қолданылуда.
Бұлшықет жұмысына ағзаның бейімделуі кафедраның негізгі ғылыми бағыты болып табылады. Аталған бағытта студенттер, магистранттар, докторнаттар көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Кафедра ұжымы көптеген конференцияларда симпозиум мен ғылым дөңгелек үстелдерге қатысып белсенділік танытты.
2021 жылдан бастап анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасында «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» (https://kazast.edu.kz/wp-content/uploads/2021/04/ОП-АФК-русс.pdf) білім беру бағдарламасы іске асырыла бастады, оның мақсаты – жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, білім беру, түзету мен спорт мекемелерінде оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білікті дене шынықтыру мұғалімдерін, бейімдік дене шынықтыру және спорт (БДШжС) саласындағы мамандарды даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының өзі 2021 жылы 5 жылға алғашқы мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.
Биылғы оқу жылында «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасына 40-тан астам студент тұратын бесінші студенттер қабылданды, өткен оқу жылымен салыстырғанда 30-тан астам студент, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер бар. Бұл еңбек нарығындағы осы білім беру бағдарламасының жоғары сұранысын көрсетеді.
Ресми деректер бойынша мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 2025 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша 700 000-тан астам адам (халықтың жалпы санының 3,65%) құрағанына байланысты, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар – 114,7 мың. Бұл ретте созылмалы аурулардың көбеюіне және халықтың қартаюына байланысты мүгедектігі бар адамдар саны артып келеді, біздің болашақ бейімдік дене шынықтыру мамандары еңбек нарығында сұранысқа ие болады, әрі жұмысқа қиындықсыз орналасады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарға әлеуметтік қорғау және қолдау көрсететін, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасайтын бірқатар қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, қайырымдылық қорлары жұмыс істейді. Мұндай ұйымдардың ішінде студенттік еріктілер ұйымдары бар, олар біздің студенттерді «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша баулыды.
Кесте 1 – «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер саны
| № | Оқыту түрі | Қазақ бөлімі | Орыс бөлімі | Мүмкіндігі шектеулі студенттер саны | |
| 1 | Бірінші жоғары білім | 108 | 56 | 78 | |
| БАРЛЫҒЫ | 108 | 56 | 78 | ||
| Студенттердің жалпы саны – 164 студент | |||||
Кафедра биылғы жылы «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ, «Академия педагогикасы» ҚБ, “Neuroland” балаларды дамыту және түзету орталығы, “ерекше балалардың ата-аналарының одағы” РҚБ, “Ақ жол-М” ҚҚ, “Тамерлан House” ҚҚ, “Бейімделген дене шынықтыру орталығы” ЖШС және Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарттар мен меморандумдар жасауға қатысты.
Оқу-әдістемелік процеске оқытушылар ретінде «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ директоры Н. Т. Ульжекова және дәрігер-реабилитолог А. М. Нұрхожаева, екеуі де БДШ бойынша магистрлер; Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығынан – магистр, допингке қарсы бақылау саласының маманы Г.Б. Жұмабаева тартылды.
«Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ базасында дуальды білім беру шеңберінде «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер мүгедек балаларға бейімдік спорт түрлерінен (бочча, каратэ, жүзу және т.б.) әлеуметтік өмірге бейімделуге көмектесетін еріктілер рөлін атқаратын оқудан тыс практикадан өтеді.
Бұдан басқа , студенттер “дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған “Алматы” спорт клубы”, “Steam school” жеке мектебі, “Insite school” және т. б. базаларында оқудан тыс практикадан өтеді.
б.ғ.к., доцент К.С. Баишев, б.ғ.к., доцент, Д.К. Салтыбаева, б.ғ.д., профессор, А.Б. Утешев, б.ғ.к., аға оқытушы С.Ж. Бұғыбаева, б.ғ.к., доцент, С.Г. Савинкова
б.ғ.к., аға оқытушы С.Ж. Бұғыбаева, м.ғ.д., профессор И.А. Потапов, б.ғ.к., доцент Г.Ш. Усенова, б.ғ.к., доцент А.И. Булекбаева
Анатомия және физиология кафедрасының ұжымы (солдан оңға қарай), 2006 ж.: аға оқытушы Б.И. Нұрашова, б.ғ.к., доцент, Р.Б. Лесбекова, б.ғ.к., доцент С.Т. Сарсенова, м.ғ.к., ҚазСТА профессоры Я.И. Невский, б.ғ.д., профессор С.Ж. Бұғыбаева, м.ғ.к., доцент Л.М. Амангельдиева, аға оқытушы Б.Ғ. Есжан
Анатомия және физиология кафедрасының ұжымы, 2014 ж.
Солдан оңға қарай : аға оқытушы Б.И. Нұрашова, магистр, аға оқытушы Б.Ғ. Есжан , б.ғ.к., кафедра меңгерушісі Ж.С. Кисебаев, м.ғ.к., ҚазСТА профессоры Я.И. Невский, б.ғ.д., профессор С.Ж. Бұғыбаева, б.ғ.д., профессор Л.Р. Кудашова, б.ғ.к., доцент Р.Б. Лесбекова, магистр, оқытушы Э.М. Кайрлбаева
Анатомия және физиология кафедрасының 2018 жылғы құрамы.
Солдан оңға, төменгі қатар: м.ғ.к., ҚазСТА профессоры Невский Я.И.., б.ғ.д., профессоры Бұғыбаева С.Ж., к.б.н., б.ғ.к., кафедра меңгерушісі Кисебаев Ж.С., аға оқытушы Б.И. Нұрашова, б.ғ.д., профессор Л.Р. Кудашова
Солдан оңға, жоғарғы қатар: лаборант Кубесова А., магистр , оқытушы Сазанова А.А., б.ғ.к, аға оқытушы Катчибаева А.С., магистр, аға оқытушы Есжан Б.Ғ., м.ғ.к., аға оқытушы Ибадильдина С.А., магистр, оқытушы Кайрлбаева Э.М., магистр, оқытушы Атамұратова Н.М.
Анатомия және физиология кафедрасының 2019 жылғы құрамы.
Солдан оңға қарай: магистр, оқытушы Дәулет Г.Д., магистр , оқытушы Сазанова А.А., магистр, аға оқытушы Капсанова Г.Б., магистр, оқытушы Сарсенбаева Ұ.Б., магистр, аға оқытушы Есжан Б.Ғ., м.ғ.к., ҚазСТА профессоры Невский Я.И.,б.ғ.к., доцент, ОСФ деканы Лесбекова Р.Б., б.ғ.к., кафедра меңгерушісі Кисебаев Ж.С., магистр, оқытушы Қайрлбаева Э.М., магистр, оқытушы Ахметгалиева А.А., лаборант Кубесова А.Б.
Спорттық медицина кафедрасының 1980-жылғы құрамы
Спорттық медицина кафедрасының 2018 жылғы құрамы:
магистр, оқытушы Ерданова Г.С., жеңіл атлетикадан спорт шебері, аға оқытушы Махова О.Г., м.ғ.к., кафедра меңгерушісі Сатыбалдина А.Е., магистр, оқытушы Ешпанова Г.Т., б.ғ.к., аға оқытушы Катчибаева А.С., м.ғ.к., доцент Мусабеков С.М., м.ғ.к., доцент Улукбекова А.О.
Анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының 2021 жылғы құрамы:
магистр, аға оқытушы Ерданова Г.С., магистр, оқытушы Ешпанова Г.Т., жеңіл атлетикадан спорт шебері, аға оқытушы Махова О.Г., м.ғ.к., доцент Улукбекова А.О., магистр, аға оқытушы Капсанова Г. Б., м.ғ.к., доцент, ҚазСТА профессоры Невский Я. И., б.ғ.к., доцент Лесбекова Р. Б., PhD докторы, қауымдастырылған профессор м.а. Есжан Б.Г., м.ғ.к., доцент Канкожа М.К., лаборант Ерданова Г.С., б.ғ.д., профессор Курилова Д.И., б.ғ.к., кафедра меңгерушісі Кисебаев Ж.С., м.ғ.к., доцент Мусабеков С.М.
Анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының 2023 жылғы құрамы.
Ешпанова Г.Т., магистр, аға оқытушы, Дәулет Г.Д., магистр, оқытушы, Қайрлбаева Э.М., магистр, оқытушы Капсанова Г. Б., магистр, аға оқытушы, Қанқожа М.К., м.ғ.к., доцент, Катчибаева А.С., б.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а , Есжан Б.Ғ., PhD докторы, қауымдастырылған профессор м.а. , Кисебаев Ж.С., б.ғ.к., кафедра меңгерушісі, Улукбекова А.О., м.ғ.к., доцент, Курилова Д.И., б.ғ.д., профессор, Лесбекова Р. Б., б.ғ.к., доцент, Ким В.С., м.ғ.к. аға оқытушы.
Кафедра меңгерушілері




















Айнур Сарсенгалиевна Катчибаева – б. ғ. к., қауымдастырылған профессор м.а., 2019 жылы кафедра меңгерушісі
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма