6В01401,6В01403 «Дене шынықтыру және спорт» «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» Білім беру бағдарламасы бойынша

6В01401 – «Дене шынықтыру және спорт»

Білім беру бағдарламасы:

– Оқу (танысу ) практика (1 курс күндізгі) ;

– Психологиялық-педагогикалық практика (2 курс күндізгі, 1 курс күндізгі ТжКБ негізінде қысқартылған оқу мерзімімен, ҚББТ қолдануымен)  ;

– Педагогикалық практика (3 курс күндізгі, 2 курс күндізгі ТжКБ негізінде қысқартылған оқу мерзімімен, ҚББТ қолдануымен, 1 курс күндізгі ЖОО негізінде қысқартылған оқу мерзімімен, ҚББТ қолдануымен) ;

– Өндірістік-педагогикалық және диплом алды практика (4 курс күндізгі, 3 курс күндізгі ТжКБ негізінде қысқартылған оқу мерзімімен, ҚББТ қолдануымен, 2 курс күндізгі ЖОО негізінде қысқартылған оқу мерзімімен, ҚББТ қолдануымен) ;

6В01403 – «Бейімдік дене шынықтыру және спорт»

 Білім беру бағдарламасы:

– Оқу (танысу ) практика (1 курс күндізгі) ;

– Психологиялық-педагогикалық практика (2 курс күндізгі)  ;

– Педагогикалық практика (2 курс күндізгі ТжКБ негізінде қысқартылған оқу мерзімімен, ҚББТ қолдануымен) ;

Кәсіби практикаларды ұйымдастыру және өткізу үшін оқу-әдістемелік бөлімнің (ОӘБ) практика маманы, бітіруші кафедра меңгерушілерімен және практика базаларымен бағдарламалар әзірленген және келісілген, сондай-ақ ынтымақтастық туралы келісім-шарттар уақытылы жасалған.

Оқу (танысу) практикасы 1 курста өткізіледі. Оқу (танысу) практикасы «Дене шынықтыру және спорттың теориялық негіздері» кафедрасында бекітіліп, “Педагогикалық мамандыққа кіріспе”оқу пәні шеңберінде өткізіледі. Оқу (танысу) практика бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді. Оқу (танысу) практикасының мақсаты – жалпы мәдениетті дамыту және студенттердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Психологиялық-педагогикалық практика (білім беру мекемелерінде) 2 курста өткізіледі. Психологиялық-педагогикалық практика білім алушылардың Педагог мамандығына деген тұрақты қызығушылығы мен оң көзқарасын тәрбиелеуге, білім алушылар ұжымының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу рәсімімен практикада танысуға, сабаққа (тәрбие іс-шарасына) психологиялық-педагогикалық талдау жүргізу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Психологиялық-педагогикалық практиканың мақсаты (білім беру мекемелерінде) – кәсіби салада табысты бейімделу мен қажетті құзыреттерді алу үшін студентті ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) әлеуметтік ортасына тарту.

Педагогикалық практика 3 курста өткізіледі. Педагогикалық практика қоғамдық, психологиялық-педагогикалық және арнайы пәндер мен практиканы зерделеу кезінде алынған теориялық білімдер арасында байланыс орнатуға бағытталған; студенттердің пән бойынша оқу, сыныптан тыс, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу, практикалық дағдыларын қалыптастыру; студенттердің орта білім берудің жаңартылған пәннің мазмұны талаптарына сәйкес білім беру мекемесінде тиісті құжаттаманы рәсімдеу қабілетін қалыптастыру. Педагогикалық практика студенттерге диагностикалық қызметті жүзеге асыруға, мектепке бейімделуге, коммуникативтік мәдениетті қалыптастыруға, ұйымдастырушылық дағдыларды, педагогикалық қарым-қатынас тактикасы мен стратегиясын дамытуға мүмкіндік береді. Педагогикалық практиканың мақсаты-білім беру жүйесінде оқытудың оқу-тәрбие процесін іске асырумен байланысты кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру, студенттердің әлеуметтік және кәсіби бейімделу жағдайларын қамтамасыз ету, олардың педагогикалық кәсіптің нормалары мен құндылықтарын игеруі, студенттердің практикалық педагогикалық қызмет тәжірибесін алуы. Биылғы жылы 5 студентпен кейіннен жұмысқа орналасумен 3 жақты шарт жасалды.

Өндірістік-педагогикалық және диплом алды практика (білім беру мекемелерінде / спорт ұйымдарында) 4 курста өткізіледі. Өндірістік-педагогикалық және диплом алды практика орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде студенттерді практикалық педагогикалық қызметке кешенді енгізуге, дене шынықтыру сабақтары мен оқу-жаттығу сабақтарын өз бетінше өткізу және талдау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға, практикалық қызметте оқытудың қазіргі заманғы стратегияларын (сыни ойлау, функционалдық сауаттылық, критериалды бағалау, бірлескен оқыту) қолдануға бағытталған, теориялық білімді жетілдіру және ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын игеру, сондай-ақ студенттерді осы бейіндегі қызметкерлерге қойылатын заманауи талаптарға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы маманның практикалық қызметіне кешенді қосу. Өндірістік-педагогикалық және диплом алды практиканың мақсаты-нақты қызмет жағдайында кәсіби позицияны сынақтан өткізу: білім беру ортасын, оқу-тәрбие / оқу – жаттығу процесін жобалау, іске асыру және бағалау, ғылыми-зерттеу қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттамаларды іріктеу саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Құзыреттілікті қалыптастыруды аяқтайтын білім беру мекемелерінде оқытушылық қызметтің практикалық дағдыларын, сондай-ақ өзіндік кәсіби қызмет тәжірибесін игеру.

MINOR бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін өндірістік-педагогикалық және диплом алды практика бағдарламасына таңдалған траектория бағытына сәйкес қосымша модуль енгізіледі. Модуль бойынша есептілікке қойылатын талаптары бар тапсырмаларды Minor оқытушылары және Minor үйлестіретін кафедра меңгерушілері әзірлейді, оларды өндірістік-педагогикалық және диплом алды практика бағдарламасына енгізу үшін практика басшысына береді, сондай-ақ Академияның бұйрығы бойынша бұл оқытушылар практика бағдарламасының тұтастай орындалуын бағалау үшін қорытынды конференция өткізу жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.

2022-2023 оқу жылында өндірістік-педагогикалық және диплом алды практиканы өткізу үшін 20 студентпен жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту және түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру мақсатында Академия, білім алушы және жұмыс беруші арасында кейіннен жұмысқа орналасумен 3 жақты шарт жасалды.

2022-2023 оқу жылына арналған практика базалары бойынша негізгі әріптестер:

  1. Алматы қ. «№146 мектеп-лицейі» КММ.
  2. Алматы қ. «№58 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  3. Алматы қ. «№167 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  4. Алматы қ. «№124 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  5. Алматы қ. «№13 мектеп-гимназия» КММ.
  6. Алматы қ. «№119 мектеп-лицей» КММ.
  7. Алматы қ. «№67 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  8. Алматы қ. «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  1. Алматы қ. «№55 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  2. Алматы қ. «Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия» КММ.
  3. «Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты».
  4. Алматы қ. «М. Базарбаев атындағы №138 гимназия» КММ.
  5. Алматы қ. «№81 мектеп – гимназия» КММ.
  6. Алматы қ. «№46 гимназия» КММ.
  7. Алматы қ. «73 Гвардиялық Қызыл Тулы Сталинград Дунай атқыштар дивизиясы атындағы №64 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  8. Алматы қ. «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
  9. Алматы қ. «№26 жалпы білім беретін мектеп».
  10. Алматы қ. «№112 жалпы білім беретін мектеп».
  11. Алматы қ. «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ.
  12. Алматы қ. «№61 жалпы білім беретін мектеп».
  13. Алматы қ. «№49 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  14. Алматы қ. «№74 Жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  15. Алматы қ. «№76 жалпы білім беретін мектеп».
  16. Алматы қ. «№83 гимназия».
  17. Алматы қ. «№8 мектеп-гимназия» КММ.
  18. Алматы қ. «№15 мектеп-гимназия» КММ.
  19. Алматы қ. «№34 гимназия» КММ.
  20. Алматы қ. «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі».
  21. Алматы қ. «№95 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  22. Алматы қ. «№20 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  23. Алматы қ. «№174 мектеп-гимназия».
  24. Алматы қ. «№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  25. Алматы қ. «№88 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  26. Алматы қ. «№40 жалпы білім беретін мектеп».
  27. Алматы қ. «№7 жалпы білім беретін мектеп».
  28. Алматы қ. «№116 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  29. Алматы қ. «№94 мектеп-гимназия» КММ.
  30. Алматы қ. «№63 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  31. Алматы қ. «М. Жұмабаев атындағы № 137 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  32. Алматы қ. «№198 жалпы білім беретін мектеп».
  33. Алматы қ. «№186 жалпы білім беретін мектеп».
  34. Алматы қ. «№192 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  35. Алматы қ. «Есту қабілеті нашар балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ.
  36. Алматы қ. «Н.Островский атындағы зағиптер және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ.
  37. Алматы қ. «Теннис федерациясы» ҚБ.
  38. Алматы қ. ЖШС ФК Академия-05
  39. Алматы қ. «Temirlan»  спорт мектебі.
  40. Алматы қ. Н.Ким атындағы гимнастика академиясы.
  41. Алматы қ. «№2 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК.
  42. Алматы қ. «№3 Кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК.
  43. Алматы қ. «№6 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК.
  44. Алматы қ. «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі».
  45. Алматы қ. «Қайрат ФК» ЖШС.
  46. Алматы қ. «Жас Қыран балалар-жасөспірімдер футбол орталығы» ЖШС.
  47. Алматы қ. «KazAST International football school «KIFS» ЖК.
  48. Алматы қ. Республикалық спорт колледжі.
  49. Алматы қ. «№4 Мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК.
  50. Алматы қ. «Елюхан» кәсіби спорт клубы.
  51. Алматы қ. «Жарқын жүрек» Қазақ мүгедектер қоғамы» Қоғамдық бірлестігі.
  52. Алматы қ. Заңғар Жаркешев атындағы волейбол академиясы.
  53. Алматы қ. «Буревестник» ЖК.
Close