Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

Кенжебекова Гулсің Уәлиқызы

WhatsApp Image 2026-01-29 at 13.52.01

Техника ғылымдарының кандидаты,
Қазақ спорт және туризм академиясының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

Жамбыл технологиялық институтының (қазіргі АТУ) Алматы филиалын 1992 жылы бітірген. Әр жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде зертхана инженері, кафедра ассистенті, деканның орынбасары қызметтерін атқарған.

 

2002 жылы өндірістен қол үзбей ҚЖжЖШ ҒЗИ-да аспирантурасын (кейіннен ТӨҒӨ орталығы болып қайта құрылған) аяқтап, осы мекемеде бас маманнан зертхана меңгерушісіне дейінгі қызметтік жолын жалғастырған.

2005 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. 2007 жылы ҚазҒТИ-ның (кейіннен ҰМҒТСО болып қайта құрылған) патенттік зерттеулер бөлімінің бас маманы қызметіне шақырылып, 2014 жылға дейін патенттік зерттеулер бөлімінің басшысы, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бөлімінің басшысы ретінде еңбек етті.

2008–2009 жылдары Ресей Мемлекеттік зияткерлік меншік институтында (Мәскеу қ., Ресей) білім алып, «патенттанушы-зерттеуші» мамандығы бойынша диплом алған.

2014–2023 жылдары Еуразиялық технологиялық университетінде ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, ғылым департаментінің директоры қызметтерін атқарып, ғылыми хатшы қызметін қоса атқарған.

Қазақ спорт және туризм академиясындағы еңбек жолын ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы қызметінен бастап, 2025 жылдың қыркүйек айында ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім  жөніндегі проректор қызметін атқарады.

Коммерцияландыру туралы заңды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болған, гранттық қаржыландыру жобаларын әзірлеу және іске асыру тәжірибесіне ие. 2024 жылы Қазақ спорт және туризм академиясы базасында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтының қолдауымен жүзеге асырылатын халықаралық жоба – Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығын (ТИҚО) ашудың бастамашысы болды.

2026 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесі

 

Аты-жөні, лауазымы Қабылдау күндері мен уақыты Кабинет, қабат, телефон
Кенжебекова Гулсин Уалиевна

Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

Сейсенбі 15:00-17:00,

Бейсенбі 15:00-17:00

2 қабат, 204 каб.

8 (7272) 93-52-16

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖