Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының тәрбие жұмысы

Студент жастарды адамгершілікке, интернационализм мен отансүйгіштікке, толеранттылыққа тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұған «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы», «Саясаттану», «Әлеуметтану», «Философия», «Мәдениеттану» сынды  пәндер ықпал етеді.

          ӘГП кафедрасының тәрбие жұмысы Академия факультеттерінің бекіткен жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Өткізілген  іс-шаралар:

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында академия деңгейінде іс-шара ұйымдастырды. https://kazast.edu.kz/қазақстан-республикасының-тәуелсізд/

 Воспит.работа СГДВоспит.работа СГД (1)

Шақырылған қонақтар:

  ӘБЖАНОВ ХАНГЕЛДІ МАХМҰТҰЛЫ – «Рухани жаңғыру» гуманитарлық ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.

ТЕБЕГЕНОВ ТЕМІРХАН САҚАҰЛЫ – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.

АҚТАМБЕРДИЕВА ЗӘУРЕ САЛКЕЕВНА – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Қазақстан тарихы және қазақ халқының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

  ТЕБЕГЕНОВА АЛТЫНАРАЙ ТЕМІРХАНҚЫЗЫ – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Қазақ және орыс тілі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты – қоғамның түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама негізінде құқықтық ақпарат беру, еркін сөйлеуге, пікір алмасуға, өз ойларын иілмей жеткізуге мүмкіндік беру.  https://kazast.edu.kz/2022/02/сыбайлас-жемқорлыққа-қарсы-мәдение/

Воспит.работа СГД (4)   

Ашылу сөзін біздің қонағымыз, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша басқармасының басшысы Сәлімбаев Қанат Әсембайұлы бастады. Ол өз сөзінде «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасымен» таныстырды.

ӘГП кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «МАХАБАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. https://kazast.edu.kz/2022/04/махаббат-қызық-мол-жылдар/

Воспит.работа СГД (2)

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында «Республика күніне» арналған тәрбиелік мәні бар әңгіме өтті. Кафедра меңгерушісі А.А. Ибраимова өз сөзінде «Республик  күні» маңызды тарихи күн екенін және осы тарихи күнге орай академия деңгейінде кездесу ұйымдастырылғанын атап өтті.

Воспит.работа СГД (3)

«Медиация негіздері және дауларды шешудегі медиатордың рөлі»

     Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 2 қарашасында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Медиация орталығының үйлестірушісі, заңгер, психолог Аида Орысбайқызы Заманбекова «Медиация негіздері және дауларды шешудегі медиатордың рөлі» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды. Дәрісте медиацияның түсінігі мен мәні, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері, медиация рәсімін жүргізу тәртібі, сондай-ақ отбасылық және еңбек дауларын шешудегі медиатордың рөлі сияқты мәселелер талқыланды.

Отансүйгіштікке, интернационализмге және адамгершілікке тәрбиелеу іс-шаралары:

2023 жылдың 1 наурызында Қазақ спорт және туризм академиясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тебегенова Эльвира Темірханқызы «1 наурыз – Алғыс айту күніне» арналған «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында дәріс оқыды.  Дәріс барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, халықаралық аренадағы орны мен дамуы туралы астарлы әңгіме айтылып, студент жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды. Дәріс соңында  студент жастар  алған жаңа білімдерімен және әсерлерімен бөлісті. Дәріске Туризм факультетінің  МҚБ-22-1, ТУР-22-1, РСТУР-22-1 топтарының студенттері қатысты.

Воспит.работа СГД (5)

Қазақ спорт және туризм академиясында республикалық референдумға байланысты «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ БАҒЫТЫ» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. https://kazast.edu.kz/2022/05/жаңа-қазақстан-демократияландыру-ба/

Воспит.работа СГД (6)

2022 жылғы 25 қазан ҚР-ның  «Республика күніне»  арналған мерекелік іс-шарада магистр, аға оқытушы Тебегенова Э.Т. баяндамада жасап, Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік күні, Республика күні басты мемлекеттік мереке болып табылатынын ерекше атап өтті.

 Воспит.работа СГД (7)

2023 жылдың 15 наурызы күні әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының кезекті жыл сайынғы студенттік ғылыми конференциясы өтті.

2023 жылдың 30 наурызы күні  «КСЖ  «НОМАД ЛАЙФ»   АҚ аймақтық директоры Оралбекова Гүлмира Құрбанқызы және  «КСЖ  «НОМАД ЛАЙФ»  АҚ басшылығының сәйкестікті бақылау өкілі Ольга Милова Академия студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы алдында қаржылық пирамидалар және қаржылық сауаттылық мәселелері бойынша баяндама жасады.

Воспит.работа СГД (8)

2022 жылдың қараша айында кафедра доцентіЗ.М.  Самалдықова Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге ОСФ және КСжЖЖ  факультеттерінің 2 курс студенттері қатысты.

 

2023 жылдың 22 қарашасында «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы академия деңгейінде «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыру» деген тақырыпта академия  студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы арасында қонақтық дәріс өткізді.

 Воспит.работа СГД (9)

  Қонақ лектор – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша алдын ала бақылау басқармасының басшысы – Қанат Әсембайұлы Сәлімбаев.  https://kazast.edu.kz/2023/11/в-академии-была-проведена-лекция-фор/

 «Қазақ спорт және туризм академиясы» күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бақдәулет Тұрбекұлы Берлібаев «Желтоқсан және  Д.А. Қонаев» деген тақырыпта қонақ дәріс ұйымдастырды. https://kazast.edu.kz/2023/11/academyada-zheltoksan-zhane-d-a-konaev/

Воспит.работа СГД (9)

Шақырылған қонақтар:

  1. Қашқынбекова Бағдат Қалиевна-Патриот, ақын, журналист, Желтоқсан оқиғасының тікелей куәгері;
  2. Ғалия Нұрсалқанқызы Нұғыманова, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ардагер, патриот;

  2024 жылдың ақпан айында  ӘГП кафедрасының ұжымы т,ғ.д., профессор Берлібаев Бақдәулет Тұрбекұлының бастамасымен  Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының ғалымдарының қатысуымен «дүниежүзілік сайлау күніне» арналған «Тура биде – Туған жоқ» тақырыбында ғылыми-танымдық іс-шара ұйымдастырды.  https://kazast.edu.kz/2024/02/в-казахской-академии-спорта-и-туризма-15/

Воспит.работа СГД (10)

Шақырылған қонақтар:

  1. Рүстем Мұстафин – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және саясаттану институты Саяси зерттеулер орталығы басшысының орынбасары, PhD докторы, белгілі саясаттанушы;
  2. Дамира Сикимбаева – Саяси зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы
Close