Жеңіл атлетика, қысқы және аралас техникалық спорт бөлімінің кафедрасының тәрбие жұмысы
Кафедрада студенттермен бірқатар бағыттар бойынша тәрбие жұмыстары толығымен жүргізіледі. Бірінші кезекте бұл патриотизмге, кәсібилікке және ұлтаралық қатынастар мәдениетіне тәрбиелеу.
Кафедрада патриоттық тәрбие беру мақсатында студенттер мен оқытушылар арасында ҚР барлық мемлекеттік рәміздері, ҚР Президентінің жолдауы бар.
Тәрбие жұмысының жоспары жыл сайын кафедра отырысында қаралады және бекітіледі.
Оқу жылы бойы кафедра оқытушылары мен студенттері Алматы қаласы әкімдігі және Қазақ спорт және туризм академиясы өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. “Білім күні” ҚР Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға қатысады және Академияның “Жыл үздік студенті”, “Жыл үздік эдвайзері”, “Жыл үздік белсендісі” т.б. номинациялар байқауларға қатысып отырады.
Студенттер № 4 жатақханаға кезекшілік кестесі бойынша оқытушылар тәрбие жұмыстар жүргізеді. Жыл сайын 14 қарашада кафедра студенттері мен оқытушылары Академия күніне арналған салтанатты іс-шараға, “К.Р. Байдосовты” еске алуға арналған XXIII күрес фестиваліне, Академия оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы “Денсаулық” спартакиадасына қатысып отырады.
Кафедра эдвайзерлері барлық курс студенттерінің ата-аналарымен үнемі байланыс жасап отырады. Эдвайзерлердің жатақхананың барлық курстарына баруы және тұратын студенттермен кездесулер өткізіп отырады. Академиядағы сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша барлық курс студенттерімен тұрақты түрде әңгімелесу өткізіледі.
Жеке кесте бойынша оқитын студенттердің, Қазақстан Республикасы олимпиадалық құрама командалары мүшелерінің (жалпы санының 60%) үлгеріміне тұрақты бақылау жасап отырады. Сондай-ақ, оқытушылар ҚР жетекші жаттықтырушыларын тарта отырып, студенттермен тәрбие сипатындағы түрлі тақырыптарға әңгімелеседі. Кафедра түлектеріне жұмыс орындарын ұсыну бойынша Риддер, Щучинск, Алматы қалаларының жұмыс берушілерімен әңгімелер жүргізіледі.
“ҚАЙМАР” тау шаңғысы базасында кафедра студенттерімен шаңғы дайындығы бойынша үнемі сабақтар өткізіледі, “ҚАЙМАР” тау шаңғысы базада спорт залында кафедра студенттерімен волейбол, баскетбол, стол теннисі бойынша сабақтар өткізіледі.