ЖОО жас тулектер (Молодеж практика)

Жастар  тәжірибесі (ЖТ)   алған кәсібі бойынша ЖОО бітірген түлектер  бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған іс – шара.

Кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын 3 жыл ішінде аяқтаған және жиырма тоғыз жастан аспаған жастарға арналған.

Бұл бағдарлама  барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.

Жастар тәжірибесі тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос  жұмыс орындардан  жүргізіледі.  Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек  жағдайлары зиян  немесе қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

Жастар тәжірибесі бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша болып табылады (ұзақтығы 6 айдан аспайды).
2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «жастар тәжірибесіне» 27,5 мың жас маман жіберілді.
ЖТ  бойынша айлық жалақы мөлшері Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден 25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Бағдарламаға қатысу үшін бітірушілерге қажет:

  • Өз қаласының немесе ауданының әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту орталығына жүгіну;
  • Жұмыссыз ретінде тіркелу (жасы 29 жастан аспаған).

Құжаттар тапсыру:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
  • диплом көшірмесі

Бұдан басқа, өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасы құрылып, “электрондық еңбек биржасы”порталы құрылды.

Close