СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Орталық барлық академиялық кезеңдерде студенттерге академиялық сұрақтар бойынша консультация береді.
Орталық-әр студент қажетті сұрақтарына жауап алатын орын.
Орталық қызметінің қағидаттары: алынған ақпараттың құпиялылығы, сенім негізіндегі ынтымақтастық, мәселелерді шешудегі әділдік, сенімді ақпарат беру. Орталық – бұл академия басшылығы мен студенттер арасындағы диалогтың жаңа форматы.
Студенттерге қызмет көрсету орталығы – студенттік қоғамдастықпен жан-жақты өзара әрекеттесуді барынша жақсартуға бағытталған, студенттердің уақыттарын үнемдеуге және «академия – студент» өзара іс-қимыл жүйесінде қызмет көрсету барысында қосарлану әрекеттерді, бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді, сонымен бірге студенттердің проблемаларын шешу тиімділігі мен жеделдігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейге көтеріп, студенттердің әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетулерді алуға жұмсалатын уақытын азайту мәселесін шешеді.
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
Міндеттері:
- Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының негізінде студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету арқылы жедел және сапалы қызмет көрсету;
- Білім алушының сұратуы бойынша ақпаратты уақытында беру;
- Студенттерге академиялық мәселелер бойынша консультация беру арқылы қолдау көрсету;
- ҚазСТА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтарды жою үшін жағдай жасау.
Функциялары:
- Студенттерден мемлекеттік және академияның ішкі қызмет көрсетулеріне өтініштерді қабылдау.
- Өтініштерді өңдеу.
- Орталыққа келген студенттерге ақпараттық көмек көрсету.
- Мемлекеттік және академиялық ішкі қызмет көрсетулерінің реттемесін (регламентін) анықтау.
- Мемлекеттік және академияның ішкі қызмет көрсетулерінің нәтижелерін беру
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ (СҚКО)
- Студенттердің өтініштерін тіркеу:
- Өз еркімен оқудан шығу
- Оқуға қайта қабылдау
- 4 апта ішінде қайта қабылдау
- Қорытынды аттестациядан өтуге қайта қабылдау
- Басқа ЖОО-нан оқудан шығуына байланысты қайта қабылдау
- Басқа ЖОО-нан ауысып келуіне байланысты қабылдау
- Басқа ЖОО-на ауысуы туралы
- Білім беру бағдарламасынан басқа білім беру бағдарламасына ауысуы туралы
- Мамандандырудан басқа мамандандыруға ауысуы туралы
- Оқу тілін ауыстыру туралы
- Академиялық демалыс беру туралы
- Академиялық демалыстан оралу туралы
- Апелляцияға беру туралы
- Жеке құжаттың өзгеруіне байланысты Т.А.Ә. өзгертуі туралы
- Дипломдық жұмысты қорғаудың орнына екі кешенді мемлекеттік емтихан тапсыруы туралы (денсаулығына байланысты)
- Дипломдық жұмысты қорғаудың орнына екі кешенді мемлекеттік емтихан тапсыруы туралы (жүктілігіне байланысты немесе 2-і жасқа дейінгі бала тәрбиелеуіне байланысты)
- Білім беру траекториясынан өз еркімен шығу туралы (minor)
- Білім беру траекториясынан басқа білім беру траекториясына ауысуы туралы (minor)
- Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша
- Анықтама беру:
– Оқу туралы
– Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығына (Қосымша 4 – Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу үшін анықтама; Қосымша 2 -Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлем алу үшін анықтама; Қосымша 29 – Бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты, көпбалалы отбасыларға, наградталған анаға тағайындау және төлеуді жүзеге асыру үшін анықтама).
Студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмыс уақыты (СҚКО):
Дүйсенбі | 9:00 – 17:00 |
Сейсенбі | 9:00 – 17:00 |
Сәрсенбі | 9:00 – 17:00 |
Бейсенбі | 9:00 – 17:00 |
Жұма | 9:00 – 17:00 |
Сенбі | 9:00 – 13:00 |
Байланыс мәліметтері:
Алматы қ., Абай көш, 85
Телефон: +7 (727) 292-20-21
Мекен жайы: бас оқу ғимараты № 214, 2 қабат.
Электрондық мекен-жайы: umokazast@mail.ru