Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

«Жастар және девиация мәселелері: Қазақстан жағдайы мен шешім жолдары» (қонақтық дәріс)

Қазақ спорт және туризм академиясында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен 30 -қазанда «Жастар және девиация мәселелері: Қазақстан жағдайы мен шешім жолдары» атты тақырыпта қонақтық дәріс өтті.
Қонақтық дәрісті оқыған: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Мәнсия Сапарғалиқызы Садырова.
Модераторлар: Жанганатова К.Н., Тулентаева К.А.
Дәрістің негізін позитивті (жағымды ), әсіресе негативті (жағымсыз) девиантты мінез-құлықты құқық бұзушылық жасау, ұрлық, бұзақылық, нашақорлық пен маскүнемдік, агрессивті мінез-құлық, лудомания, қоғамдық тәртіпті бұзу, буллинг, кибербуллинг сынды проблемалар құрады.
Дәріскер жағымсыз девиантты мінез-құлықтың шығу себептерін факторлармен саралап талдауға түсірді (отбасылық, әлеуметтік-экономикалық, құрдастар ортасының ықпалы, ақпараттық және цифрлық ортаның ықпалы).
Дәрістің жастар арасындағы мінез-құлықтың нормадан ауытқушылығының жеке адамға да, қоғамға да кері әсерін негіздейтін девиантты мінез-құлықтың салдары туралы студенттердің қызығушылын тудырып, аудиториямен кері байланыс бағытында өрбіді. Лектор және студенттер тарапынан екіжақты сұрақтар қою және сол сұрақтарға жауаптар алу шараның танымдық сипатын айшықтай түсті. Мәселен, жеке тұлға үшін: білім алу мүмкіндігінің төмендеуі; отбасымен және достарымен қарым-қатынастың нашарлауы; құқықтық жауапкершілікке тартылу; әлеуметтік оқшаулану; болашақ өмірлік жоспарлардың бұзылуы. Қоғам үшін: қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келуі, құқық бұзушылықтың көбеюі, әлеуметтік сенімнің әлсіреуі, әлеуметтік тұрақсыздықтың күшеюі.
Жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу жолдары да жан-жақты айқындалды: отбасылық тәрбие: ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, білім беру: мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықтық және адамгершілік тәрбиені күшейту, психологиялық қолдау: жастарға психологиялық көмек көрсету, қиын жағдайларда қолдау білдіру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру: спорт, өнер, мәдениет және шығармашылық үйірмелерге тарту, құқықтық сауаттылық: жастардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, цифрлық мәдениет: интернетті қауіпсіз пайдалану және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын қалыптастыру, жұмыспен қамту: жастардың білім алуына, кәсіп меңгеруіне және жұмысқа орналасуына жағдай жасау.
Танымдық-тәрбиелік мәні зор іс-шарада студенттер тек теориялық білім алып қоймай, қоғамда белең алған түйіткілді әлеуметтік мәселелерді танып-түсінуге, әрқайсысы мінез-құлқына сын-көзбен қарауға, ең бастысы, жауапкершілікті сезінуге үлкен қадам жасалды.
Іс-шараның ұтымды тұстары:
– Тақырыптық слайд қолданылды (сұрақтар берілген, ақпараттық және статистикалық мағлұматтар ұсынылған);
– Академияның Жастар ісі жөніндегі комитет өкілдері (Медиакоммуникация бөлімінің қызметкері Рамазанова А.Б.; Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі менеджер Батхолдина Ж.Е.; Альянс студенттік ұйымы төрайымы Серікбай Н.С. ) қатысты;
– Академия кітапханасы тарапынан тақырыптық көрме ұйымдастырылды (атсалысқан кітапхана қызметкерлері: Рамазанова А.М., Ташимбаева А.Қ., Адилбекова Ж.М., Байбулова Л.С. ).

5415820036909243908

5415820036909243910

5415820036909243909

5415820036909243915

5415820036909243907

5415820036909243914

5415820036909243906

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖