
Дәрісті дәрігер-эпидемиолог Омирали Перизат Амиралиевна жүргізді. Кездесу барысында қатысушыларға тұмау мен ЖРВИ-дің негізгі ерекшеліктері, жұғу жолдары, аурудың дамуына әсер ететін факторлар және олардың алдын алудың тиімді тәсілдері туралы ақпарат берілді.
Вакцинацияның маңыздылығына, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға және жастардың өз денсаулығына саналы әрі жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар білім алушылардың медициналық сауаттылығын арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және академиялық ортадағы санитарлық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.









