Erasmus+ DIANA жобасы аясындағы кездесу

2026 жылғы 19 мамырда Қазақ спорт және туризм академиясы базасында Erasmus+ DIANA жобасы аясында «Қазақстан мен Өзбекстанда ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және енгізу арқылы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында аралас форматта (онлайн және офлайн) кездесу өтті.
Кездесуге: Erasmus+ жобаларының үйлестірушісі Мария-Соль Домингес Паррадо (Maria-Sol Domínguez Parrado); Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық офисінің үйлестірушісі Палуанова Лаура Калабаевна; Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті зерттеу тобының жетекшісі Рыспаева Динара Сәрсембайқызы; ҚазСТА-ның академиялық мәселелер және білім сапасы жөніндегі бірінші проректоры Нұрмұханбетова Динара Кенжеқызы; ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Кенжебекова Гүлсін Уәлиқызы; ҚазСТА-дағы DIANA жобасының зерттеу тобының жетекшісі Агелеуова Айгүл Тоқтарханқызы; жоба әкімшісі, ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Сембаева Әлия Амантайқызы; зерттеу тобының мүшелері Кадырбекова Динара Серікқызы мен Дюссекеева Еркегүл Талғатқызы; аудармашы Мантеева Саида Сағатбекқызы қатысты.
Кездесу барысында ҚазСТА басшылығымен академияның Еуропалық Одақ бағдарламалары аясындағы ынтымақтастығы, Erasmus+ шеңберіндегі халықаралық өзара байланысты кеңейту, сондай-ақ академияның білім беру және ғылыми қызметін интернационалдандыру перспективалары талқыланды. Қатысушылар Erasmus+ бағдарламаларына қатысудың артықшылықтарын, ұйымдастырушылық қиындықтарды, сондай-ақ халықаралық жобалардың ҚазСТА қызметкерлері мен білім алушыларының кәсіби дамуына әсерін қарастырды.
Іс-шараның екінші бөлімінде Erasmus+ бағдарламасының өкілдері мен халықаралық ынтымақтастыққа жауапты ҚазСТА қызметкерлері арасында кездесу өтті. Негізгі назар DIANA жобасын іске асырудың ұйымдастырушылық мәселелеріне және еуропалық серіктестермен өзара әрекеттестікке аударылды.
Кездесудің қорытынды кезеңінде зерттеу тобының жетекшісі Рыспаева Динара Сәрсембайқызы ZOOM платформасы арқылы онлайн-кеңес форматында баяндама жасап, басқа жоғары оқу орындары мен елдердегі серіктестермен бірлесіп жобаны іске асырудың ағымдағы нәтижелері мен кезеңдерін таныстырды. Жоба бойынша өзекті мәселелер, жол картасы аясындағы алдағы жұмыстар, Португалия мен Германиядағы кездесулерге қатысты ұйымдастыру мәселелері және визалық қолдау сұрақтары талқыланды.
DIANA жобасының серіктестері: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Инфанте Д. Энрике Портукаленсе Университет Порту (UPT), Висмар қолданбалы ғылымдар университеті (Hochschule Wismar), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университеті, Халықаралық аграрлық университет (IAU), Мемлекеттік мекеме «Нукус мемлекеттік техникалық университеті», Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы, SABR Республикалық әлеуметтік-экономикалық даму орталығы (Өзбекстан).
DIANA жобасы ауылдық өңірлерде тұратын әйелдердің кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ олардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Жобаны іске асыру «жасыл» экономиканы дамытуға, инновациялық үдерістерді қолдауға және Орталық Азия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Агроэкотуризм саласында білім беру, бизнес және жеке сектор қажеттіліктерін интеграциялауға ерекше назар аударылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2025–2028 жылдарға жоспарланған.f62d2b08-66ba-46e1-9ce8-a253ec5e9ef2

9e5a3496-bc12-4099-b200-034ae28c5b00

11a67dda-12ea-4e36-a941-9ceafcd1e4e19e5a3496-bc12-4099-b200-034ae28c5b00

f62d2b08-66ba-46e1-9ce8-a253ec5e9ef2

11a67dda-12ea-4e36-a941-9ceafcd1e4e1

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма