2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақ спорт және туризм академиясында тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алуға арналған дәріс өтті

Дәрісті дәрігер-эпидемиолог Омирали Перизат Амиралиевна жүргізді. Кездесу барысында қатысушыларға тұмау мен ЖРВИ-дің негізгі ерекшеліктері, жұғу жолдары, аурудың дамуына әсер ететін факторлар және олардың алдын алудың тиімді тәсілдері туралы ақпарат берілді.

Вакцинацияның маңыздылығына, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға және жастардың өз денсаулығына саналы әрі жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Осындай профилактикалық іс-шаралар білім алушылардың медициналық сауаттылығын арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және академиялық ортадағы санитарлық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

WhatsApp Image 2026-09-17 at 15.35.18 (1)

WhatsApp Image 2026-09-17 at 15.33.33 (1)

WhatsApp Image 2026-09-17 at 15.32.20 (1)

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма