«Жастардың құқықтық санасы: азаматтық жауапкершілікті қалай қалыптастыруға болады»

2026 жылы 23 сәуірде Қазақ спорт және туризм академиясында IMG_2947

IMG_2946

IMG_2939

IMG_2943

IMG_2950

IMG_2944

IMG_2953

IMG_2952

IMG_2941 тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға және азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілікті нығайту жолдарын талқылау және қазіргі қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Сонымен қатар, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ықпал ету көзделді.
Іс-шара «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Дөңгелек үстелді аталған кафедраның аға оқытушысы, магистр Тебегенова Эльвира Темірханқызы жүргізді.
Шара барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа белсенді қатысып, тәжірибе алмасты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттердің жоғары қызығушылығын тудырды және олардың құқықтық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті.

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма