
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарында қазақстандық ғалымдардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Мерзімі: 3 айдан 12 айға дейін
Бағдарлама келесі шығындарды өтейді (ұшақ билеті, тұру, сақтандыру, стипендия және т.б.)
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 16 наурыздан 30 қазанға дейін
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• Ғылыми немесе академиялық дәреженің болуы
• Ғылыми салада кемінде 12 ай еңбек өтілі
• Ғылыми жарияланымдардың болуы (Scopus және БҒССҚК)
• Қазақ және шет тілдерін білуі туралы (IELTS, TOEFL, ҚАЗТЕСТ және т.б. сертификаттарының болуы)
Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлердің тізімін 2026 жылғы 30 сәуірге дейін (18:00-ге дейін) келесі электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз: otdelnimskazast@gmail.com







