
«Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша практикалық құзыреттерді қалыптастыру» халықаралық жобасы аясындағы оқудың үшінші күні бейімделген жүзу мәселелеріне арналды.
Күннің бірінші жартысында қатысушылар «Жүзудің маңызы және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін су объектілеріне қойылатын талаптар» тақырыбындағы дәрісті тыңдады. Дәрісті тәжірибелі поляк маманы Александр Скалий жүргізді.
Су жаттығуларының маңызы туралы дәрістен кейін ҚазСТА бассейнінде тәжірибелік сабақ өтті, онда қатысушылар кедергілерді еңсеру тәсілдерін және Халливик әдістемесінің негіздерін меңгерді.














