Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған тағылымдық кеш өтті

2026 жылғы 16 сәуір күні әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасында қазақтың көрнекті ағартушысы, педагогы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған тағылымдық кеш өтті. Іс-шара тақырыбы:
«Ыбырай Алтынсарин – ұлттық ағартушылық пен заманауи білімнің тоғысында».
Іс-шара 302 аудиторияда сағат 10:10-11:00 аралығында өткізілді. Оған ФПСИЕ 25-7, 25-8, 25-9 топтарының студенттері қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы және жауапты – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Ауелбеков О.С.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы білімдерін тереңдету, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ оның ағартушылық идеяларын қазіргі білім беру үдерісімен ұштастыру.
Кеш барысында Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, оның қазақ даласында зайырлы білім беру жүйесін қалыптастырудағы рөлі, алғашқы оқулықтарды жазудағы еңбегі және оқыту мен тәрбиелеудегі жаңашыл көзқарастары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, оның идеяларының қазіргі білім беру жүйесіндегі өзектілігіне ерекше мән берілді.
Студенттер баяндамалар жасап, мультимедиялық презентациялар ұсынды, пікір алмасуға белсенді қатысты. Талқылау барысында ұлттық құндылықтар мен заманауи білім беру технологияларының сабақтастығы мәселелері көтерілді.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттердің сыни ойлау, талдау және коммуникациялық дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Қорытындылай келе, тағылымдық кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің тарихи мұраға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.39

WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.38

WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.38 (5)

WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.38 (4)

WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.38 (3)

WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.38 (2)

WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.38 (1)

WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.37

WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.37 (2)

WhatsApp Image 2026-04-17 at 14.43.37 (1)

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖