
2026 жылдың 7 сәуірінде Қазақ спорт және туризм академиясында құқық қорғау органдарының өкілдерімен «Жастар және құқықтық тәртіп» тақырыбында құқықтық кездесу өтті. Кездесуді учаскелік инспектор, полиция капитаны Бейбіт Маржан Құрманғазықызы жүргізді.
Диалог барысында қауіпсіздік, жауапкершілік және жастардың қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар заңды сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу және күнделікті өмірде саналы таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылып, қатысушылардың сұрақтарына ашық жауап берілді.
Мұндай кездесулер құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, жастар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.








