АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІСІ — КИРИЛЛ ПРОХОДОВТА!

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Кирилл Проходов Азия ойындарында семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды!

Құрлықтың ең мықты спортшылары бас қосқан айтулы додада күміс медаль жеңіп алу — зор жетістік әрі үлкен жеңіс!

Кирилл — Туризм және спорт менеджменті факультетінің «Спорт 25-2» тобының студенті.

Кирилл Проходовты және оның бапкерлерін айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс — қажырлы еңбек, мықты дайындық пен жеңіске деген қайсар мінездің нәтижесі.

Қазақстанның көк туын халықаралық аренада асқақтатып, ел мерейін үстем ете бер!
Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.42.48 (4)

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖