
2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақ спорт және туризм академиясының бас корпусындағы акт залында студенттер және профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Бүгінгі қадам – ертеңгі жеңіс: спорт, студенттік өмір және болашақ» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Кездесудің арнайы қонағы — блогер, мотивациялық спикер, «Чемпион» жобасының негізін қалаушы Жарылқасынов Алпамыс болды.
Кездесу барысында спорттың адам өміріндегі маңызы, студенттік кезеңнің ерекшеліктері, жеке даму, мақсат қою және болашаққа сенімді қадам жасау туралы маңызды ойлар айтылды. Қонақ өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге мотивация беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу ашық пікір алмасу, қызықты әңгіме және пайдалы ойлармен ерекшеленді. Студенттер үшін бұл кездесу жаңа мақсаттарға ұмтылуға, өз мүмкіндіктерін бағалауға және болашаққа сеніммен қарауға серпін берген тағылымды басқосу болды.
Ұйымдастырушы:
Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасы

















