
ҚазАСТ студенттері, FPSE-24-7 тобының білім алушылары
Худавадиева Шахида мен Тұрғали Ақниетті
жауынгерлік самбодан 2006-2007 ж.т. жастар арасында өткен
Қазақстан Республикасының чемпионатындағы жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Худавадиева Шахида – 65 кг салмақ дәрежесінде І орын
Тұрғали Ақниет – 59 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын
Бұл – табандылықтың, еңбектің және нағыз спорттық рухтың айқын көрінісі!
Сіздерге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, тек жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізді тілейміз!
Жеңістеріңіз көп болсын!






