Телемгенова Айгерімді жүлделі 3-орынмен құттықтаймыз!

2026 жылдың 26–29 наурыз аралығында Түркістан қаласында өткен қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Кубогінде жүлделі 3-орын иеленген Күрес кафедрасының оқытушысы Телемгенова Айгерімді шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік — жоғары кәсібилік пен тынымсыз еңбектің, табандылық пен қайсарлықтың жарқын көрінісі. Сіздің жеңісіңіз – әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіз үшін үлкен мақтаныш әрі үлгі.

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз!
Еңбегіңіз жана берсін, жеңістеріңіз көп болсын!WhatsApp Image 2026-03-30 at 12.41.52

WhatsApp Image 2026-03-30 at 12.41.52 (1)

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма