15–17 жастағы футболшылардың функционалдық мүмкіндіктерін бағалау

«Қазақ спорт және туризм академиясы» КЕАҚ мен «Хан-Тәңірі» Футбол клубы» ЖШС арасындағы шартқа сәйкес «15-17 жас аралығындағы футболшылардың функционалдық мүмкіндіктерін анықтау» ғылыми-зерттеу жобасы аясында 30.03-01.04.2026 ж.аралығында және 07.04-09.04.2026 ж. аралығында футболшыларға тестілеу өткізілді.
Тестілеу барысында жүрек соғу жиілігінің белгіленген режимдерінде (130, 150 және 170 соққы/мин) физикалық өнімділікті бағалау жүргізілді, сондай-ақ Уингейт-тест өткізілді. Тестілеудің келесі кезеңі 2026 жылдың күзіне жоспарланған.
Жобаның мақсаты-15-17 жас аралығындағы футболшылардың функционалдық мүмкіндіктері мен физикалық жұмыс қабілеттілігінің деңгейін жылдамдық-күштік қасиеттер мен физикалық даму көрсеткіштерін кешенді зерттеу негізінде анықтау, содан кейін ғылыми негізделген әдістемелік ұсынымдар мен оларды оқу-жаттығу процесіне енгізу үшін бейімделген дайындық бағдарламаларын әзірлеу.
Зерттеуді іске асыру шеңберінде футболшыларды даярлау жүйесінде алынған нәтижелерді практикалық қолдану мақсатында «Хан-Тәңірі Футбол клубы» ЖШС жаттықтырушылар құрамымен және спортшыларымен тығыз ынтымақтастық көзделген.
WhatsApp Image 2026-04-17 at 13.00.31

WhatsApp Image 2026-04-17 at 13.00.31 (1)

WhatsApp Image 2026-04-17 at 13.00.30

WhatsApp Image 2026-04-17 at 13.00.25

WhatsApp Image 2026-04-17 at 13.00.25 (1)

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма