
2026 жылғы 14 қазанда Қазақ спорт және туризм академиясында «Ғылыми мақалаларды дайындау әдіснамасы: техникалық рәсімдеуден бастап құрылымдық мазмұнына дейін және жасанды интеллектіні қолдануды реттеу («Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» журналының мысалында)» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
«Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» ғылыми-практикалық журналы Қазақ спорт және туризм академиясының басылымы болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілген.
Семинардың спикері ретінде журналдың бас редакторы, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Виталий Николаевич Авсиевич сөз сөйледі.
Семинар аясында жариялауға ұсынылатын ғылыми мақалаларды техникалық рәсімдеу мен құрылымдық мазмұнына қойылатын негізгі талаптар, редакциялық алқаның қолжазбаларды іріктеу критерийлері, сондай-ақ ғылыми материалдарға рецензия жүргізудің тәртібі мен қағидаттары қарастырылды. Ғылыми жарияланымдарды дайындау барысында жасанды интеллект технологияларын қолдануды реттеу, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, ғылыми дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау және библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушыларға ғылыми мақалалардың сапасын арттыру, олардың редакциялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және қолжазбаларды ғылыми журналда жариялауға дайындау бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Семинар соңында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, журнал редакциясына ғылыми мақалаларды дайындау, рәсімдеу және ұсыну мәселелері бойынша қосымша түсіндірмелер берді.
Іс-шараға Қазақ спорт және туризм академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары қатысты. Семинар барысында қатысушылар талқыланған мәселелерге қызығушылық танытып, ғылыми жарияланымдарды дайындаудың өзекті аспектілері бойынша түсіндірмелер мен ғылыми-зерттеу қызметінің сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар алды.
Аталған іс-шараны өткізу ғылыми жарияланымдарды дайындауға қойылатын талаптар, қолданыстағы редакциялық стандарттар және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну кезінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша қатысушылардың хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етті.
















