
Бүгін Қазақ спорт және туризм академиясы мен Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов және Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ақжүрек Достықұлы Танатаров қол қойды.
Аталған меморандум аясында тараптар спорт саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру, студенттер мен жас спортшылардың тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды бірлесіп ұйымдастыру, ғылыми-инновациялық әдістерді тәжірибеге енгізу және спорттық туризмді дамыту бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырады.
Бұл ынтымақтастық Алматы облысының спорт саласын дамытуға, жас таланттарды қолдауға және кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған.

















Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма