
Қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Толық адам – кемел ұрпақтың айнасы: Абай ілімі және бүгінгі жастар» атты Республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада Абайдың «Толық адам» тұжырымы, ақыл, қайрат, жүрек үйлесімділігі, жастардың рухани дамуы, тәрбиелік идеялары және салауатты өмір салты талқыланды. Қонақтар қатарында Жабал Шойынбет, Зайкенова Руда Зайкеновна, Айнұр Арғынтайқызы, Алмагүл Аманжолқызы және Қожағұлов Сайлаухан Қажыбекұлы спикер ретінде қатысты. Спикерлер Абай мұрасының жастар тәрбиесіндегі рөлін, «Толық адам» түсінігінің құндылығын терең талқылады.
















Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма