Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша комиссия отырысының баспасөз хабарламасы

2025 жылдың 12 қарашасында 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне Васил Левски атындағы Ұлттық спорт академиясында (Болгария, София қ.) Erasmus+ бағдарламасы бойынша грантқа үміткерлерді қарастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырыс барысында бакалавриат деңгейінде білім алатын 4 үміткер қараcтырылды: Айдосұлы Жақсылық, Боканов Арсен, Жоламан Мерей, Мосеенко Милана. Үміткерлердің таныстырылымдарын тыңдағаннан кейін комиссия мүшелері әрбір үміткерге мінездеме беріп, олардың ағылшын тілі деңгейі мен оқу көрсеткіштерін талқылады.
Нәтижесінде үміткерлер арасынан Васил Левски атындағы Ұлттық спорт академиясында оқу үшін 3-курс студенттері Айдосұлы Жақсылық (FOS-24-1, Футбол) және Жоламан Мерей Зұлпыхарұлы (FPSE-23-5, Пауэрлифтинг) іріктеліп алынды.
Студенттерімізді құттықтаймыз және табысты оқу тілейміз!
WhatsApp Image 2025-11-14 at 11.24.18

WhatsApp Image 2025-11-14 at 11.24.18 (1)

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма