«Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» журнал бойынша өткізілген семинар туралы Пресс-релиз

2025 жылдың 12 қарашасында Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» журналында ғылыми мақалаларды жариялауға дайындау» атты семинар өтті. Бұл журнал ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған негізгі ғылыми нәтижелерді жариялауға арналған басылымдар тізіміне кіреді.
Семинардың спикері журналдың бас редакторы, PhD докторы Авсиевич Виталий Николаевич болды. Іс-шара барысында жариялауға ұсынылған ғылыми мақалалардың құрылымы мен рәсімделуіне қойылатын талаптарға түсініктемелер беріліп, редакциялық алқа тарапынан жарияланымдарды іріктеу критерийлері түсіндірілді, сондай-ақ ғылыми мақаланың сапасын арттыруға арналған практикалық кеңестер ұсынылды. Семинардың соңында журналдың бас редакторы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара іскерлік жағдайда өтті, қатысушылар белсенділік танытып, «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» ғылыми журналына мақалаларын жіберу бойынша пайдалы ақпарат алды.

WhatsApp Image 2025-11-14 at 11.10.30

WhatsApp Image 2025-11-14 at 11.10.30 (4)

WhatsApp Image 2025-11-14 at 11.10.30 (3)

WhatsApp Image 2025-11-14 at 11.10.30 (2)

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма