«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті ғалымдар мен зерттеушілер қауымы!

Елдің ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға бағытталған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі 2025 жылғы 19 қарашаға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз!

Ғылыми тағылымдама – тек шетелде білім жетілдіру емес, ол – әлемдік ғылыми қауымдастықпен байланыс орнату, жаңа әдістемелер мен инновациялық технологияларды меңгеру, зерттеу бағытын халықаралық деңгейге көтеру жолындағы маңызды қадам. Өз әлеуетіңді жүзеге асыру мүмкіндігін жіберіп алма – халықаралық ғылыми тәжірибенің қатысушысы бол!

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Төмендегі санатқа жататын Қазақстан Республикасының азаматтары:

ғылым докторы, ғылым кандидаты, сондай-ақ PhD / бейіндік доктор немесе магистр академиялық дәрежесіне ие болуы;
таңдаған ғылыми мамандануы бойынша соңғы 12 айда үздіксіз кәсіби қызмет атқаруы (аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде);
қабылдаушы ұйымнан шартсыз шақыру хатының (қаржылық талаптарды қоспағанда) болуы;
мемлекеттік тілді меңгерудің В1 не одан жоғары деңгейде (ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq RESMI TEST) емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификаттың болуы;
шет тілін меңгерудің қажетті ең төмен деңгейінің (мысалы, ағылшын тілі – IELTS: 5.0; Duolingo: 80; TOEFL IBT: 35) болуы;
ғылыми жарияланымдарының болуы.
Құжаттар онлайн форматта немесе қолма-қол қабылданатынын ескертеміз.

Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды онлайн қабылдау мына сілтеме арқылы жүзеге асырылады: https://egov.kz/cms/kk/services/higher_education/pass474_mon

Толық ақпарат пен қосымша сұрақтар бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығының» АҚ ресми сайтында таныса аласыз: https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu-po-ns
WhatsApp Image 2025-11-04 at 17.15.20

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма