
3-9 қыркүйек күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті.
Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтеді.
III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.
3 қыркүйек күні III Түркі Универсиадасының ресми ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан атынан бұл іс-шараға қатысқан делегация құрамында:
* Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі – Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы,
* Satbayev University ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры – Күлдеев Ержан Итеменұлы,
* Қазақстан студенттік спорты одағының вице-президенті – Ескалиев Мұхтар Зайнолдаұлы,
* Қазақстан ұлттық студенттік спорт одағының Бас хатшысы – Ақеділов Жаснұр Толағайұлы болды.
Сонымен қатар, ұлттық делегация құрамында халықаралық аренасында Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар мен жаттықтырушылар да бар.
Ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтіп, Универсиадаға қатысушы барлық елдердің өкілдерін біріктірді. Мерекелік іс-шараның соңғы нүктесі спорттық жарыстардың басталғанын білдірген әсем отшашумен аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.
Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркия Республикасында өтеді.








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма