
«Дене тәрбиесі мен спорттың қазіргі заманғы медициналық-биологиялық мәселелері»
КеАҚ «Қазақ спорт және туризм академиясы», Алматы қ., 09-21.06. 2025 ж. онлайн форматында (WEBEX онлайн платформасында) «Дене тәрбиесі мен спорттың қазіргі заманғы медициналық-биологиялық мәселелері» (сертификат табыстаумен 80 сағат көлемінде) тақырыбындағы медициналық-биологиялық циклдің оқытылатын пәндері бойынша ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өтті. Тыңдаушылардың қатарында ҚазСТА оқытушылары мен ҚР жоғары оқу орындарының оқытушылары: А. Байтұрсынұлы атындағы ҚРУ, Қостанай қ., Академик Қ.А. Бөкетов атындағы Қарағанда университеті, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, Астана қ., Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ, Петропавл қ.
Сабақтарды академияның белгілі ғалымдары жүргізді: ҚазСТА анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. Қисебаев Ж.С., аға оқытушысы, м.ғ.к. Ким В.С., PhD, қауым. профессор м.а. Жұмабаева Г.Б., және шақырылған мамандар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика, биомедицина және неврология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Үсіпбек Б.А. және «Akeso Rehabilitation» ЖШС Оңалту орталығының мамандары: Сугургали А., Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, дене шынықтыру медицина және реабилитология дәрігері, Тузов Р.И., АФК-ның, дене шынықтыру және реабилитология маманы.







Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма