2026 жылғы 30 мамырда Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлері федерацияларының басшылары қатысқан ауқымды Құрылтай алғаш рет өткізілді.

Ұлттық спорт түрлері – ата-бабадан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Олар ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және рухани құндылықтарын бойына сіңірген. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақты қолдауының арқасында ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спорт түрлерімен тең дәрежеде дамып, жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Бұл олардың елімізде де, халықаралық деңгейде де кеңінен насихатталып, дамуына қолайлы жағдай жасады.
Еліміздің жетекші спорт жоғары оқу орнында өткен салтанатты ашылу рәсімін Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, профессор Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол Құрылтайға келген барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдірді. Іс-шараның алғашқы бөлімі құрметті қонақтардың сөз сөйлеуіне арналды. Оның модераторы ретінде ҚазСТА-ның әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Мұхтар Зайнұлдинұлы Ескалиев болды.
Құрылтай қатысушыларына құттықтау сөз сөйлегендер:
• Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Данияр Қасқарауов;
• «NOMAD ARENA» ипподромының директоры Ержан Майлыбаев;
• Алматы қаласының Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубының басшысы Нұрлан Оспанов;
• «NOMAD STUNTS» халықаралық каскадерлер тобының негізін қалаушы және президенті Жайдарбек Күнгужинов.
Құрылтай аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – «Sport+Qazaqstan» телеарнасы мен Қазақ спорт және туризм академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Құжатқа телеарна директоры Асхат Жақаев пен ҚазСТА президенті Қайрат Закирьянов қол қойды.
Ұлттық спорт түрлері бойынша алғашқы Құрылтайды ұйымдастыруға және өткізуге ұлттық мұраны сақтауға және дамытуға бейжай қарамайтын кәсіпкерлер мен қоғам өкілдері үлкен қолдау көрсетті. Іс-шараның негізгі демеушілері қатарында:
меценат Тұрсенғали Алагөзов, Алматы қалалық бәйге федерациясының президенті Қуат Үсенов, федерацияның вице-президенті Нұржан Қасенов, Алматы облысы Ұлттық жекпе-жек федерациясының президенті Бақытжан Сатыбалдыұлы Байсалбаев, «SULTAN SEDLO» брендінің негізін қалаушы Жадыра Сейітова, «Нұрбек» шаруа қожалығының басшысы Болатхан Қасенов, «Sport_stars.kz» республикалық қоғамының вице-президенті Мұхамед Быянху, «Sport_stars.kz» республикалық қоғамының вице-президенті Лиров Закир Ильясович, «SULTAN-SU» компаниясының президенті және Талғар ауданының құрметті азаматы Әлішер Сасиков, «NG RASKET» компаниясының негізін қалаушы Жақсылық Тұрағұлұлы, «Масанчи жастары» бірлестігінің өкілі Эдик Яров және ұлттық спорттың жанашыры Аслан Сабыржанұлы болды.
Аталған демеушілерге алғыс хаттар мен «Ұлттық спорт жанашыры» төсбелгісі табысталды.
Құрылтайдың екінші бөлімінде келесі спикерлер баяндама жасады:
• Сабыржанов Жомарт Сабыржанұлы – Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясының вице-президенті, асық атудан ұлттық құраманың бас бапкері, асық ату спортының негізін қалаушы және ҚР Асық ату федерациясының тұңғыш президенті;
• Тұрсын Әкім Хазретәліұлы – Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ федерациясының президенті, Алматы қалалық мәслихатының депутаты;
• Исхан Қайрат Жәлелұлы – Н.О. Базанова атындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жануарлар биологиясы» кафедрасының оқытушысы;
• Тлебалдиев Елдос Асылбекұлы – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Ұлттық спорт түрлерін дамыту дирекциясы» КМҚК директоры;
• Дирманов Ғани Ерғалиұлы – ҚР «Жаппай көкпар» федерациясының президенті;
• Бағдат Мүптекеқызы – ҚР «Құсбегілік» федерациясының вице-президенті, ҚР Құрметті спорт қайраткері;
• Түркебай Айбек Маратұлы – «Теңге ілу» ұлттық спорт федерациясының директоры;
• Таңатов Ғабит Бердібайұлы – «Топжарған» этномәдени орталығының жетекшісі;
• Үсенов Қуат Әшімұлы – Алматы қаласы Бәйге федерациясының президенті, «Алатау» командасының жетекшісі;
• Абаған Мұхтархан Мамырбекұлы – Алматы облысы «Мергендер ордасы» федерациясының президенті;
• Жеңіс Ысқабай – «ZHUSAN» шығармашылық орталығының жетекшісі, белгілі фототілші.
Баяндамалар барысында Құрылтай қатысушылары ұлттық спорт түрлерінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы мәліметтер ұсынып, қол жеткізілген жетістіктерімен бөлісті және саладағы өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерін дамыту мен насихаттауға бағытталған бірыңғай бағдарламаны әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Құрылтай қорытындысында Қазақ спорт және туризм академиясы жанындағы «Sport Consulting Forum» ұйымының құрамына кіретін Ұлттық спорт түрлері дирекциясы құрылды.
Құрылтай қатысушыларының бірауыздан қабылдаған шешімімен жаңадан құрылған Ұлттық спорт түрлері дирекциясының басшысы болып «NOMAD ARENA» ипподромының директоры Ержан Құрманәліұлы Майлыбаев сайланды. Оның кандидатурасы ұлттық спортты дамытудағы көпжылдық еңбегі мен зор үлесі үшін кең қолдау тапты. Қатысушылар Ержан Құрманәліұлы Майлыбаевтың жетекшілігімен ұлттық спорт федерациялары күш-жігерін біріктіріп, өзара ынтымақтастықты нығайтып, дамудың жаңа сапалы кезеңіне қадам басатынына сенім білдірді. Жаңадан құрылған федерация бойынша Қазақ спорт және туризм академиясының Ұлттық спорт түрлері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Балықбайұлы Көпжановқа жұмыс жүргізілуі жүктелді.
Құрылтай қатысушылары отырыс барысында айтылған ұсыныстар мен бастамалардың іс жүзінде жүзеге асатынына сенім білдірді. Қабылданған ұсынымдарды уәкілетті мемлекеттік органдарда ілгерілету және жүзеге асыру жұмыстарымен Қазақ спорт және туризм академиясы жанынан құрылған Ұлттық спорт түрлері дирекциясы айналысатын болады.
Алғашқы Құрылтайдың қорытындысын «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессоры, отандық спорт журналистикасының белгілі өкілі Мұсағали Тасқалиев шығарды.
Осылайша, ұлттық спорт түрлері бойынша тарихтағы алғашқы Құрылтай өз жұмысын табысты аяқтады. Қатысушылар ұлттық спорт түрлерін дамыту жолында күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, алдағы кездесулерде де бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

DSC09985

DSC09972

DSC09964

DSC09940

DSC09922

DSC09906

DSC09894

DSC09886

DSC09862

DSC09847

DSC09482

DSC09354

DSC09273

DSC09265

DSC09247

DSC01816

DSC01804

DSC01779

DSC01742

DSC01459

DSC01397

DSC01346

DSC01292

DSC01254

DSC01235

DSC01222

DSC01199

DSC01123

DSC01033

DSC00980

DSC00962

DSC00900

DSC00874

DSC00833

DSC00794

DSC00772 (1)

DSC00750

DSC00687

DSC00622

DSC00586

DSC00534

DSC00534 (1)

DSC00447

DSC00390

DSC00345

DSC00284

DSC00219

DSC00167 (1)

DSC00157

DSC00086

DSC00060

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма