Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға техникалық тапсырмаларды дайындауға қойылатын талаптарды түсіндіру бойынша cеминар

2025 жылдың 21 ақпанында конференц-залда КазСТА-ның оқытушыларына, ғылыми қызметкерлері мен жас ғалымдары үшін БНҚ (бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру) конкурсына техникалық тапсырмаларды дайындауға қойылатын талаптарды түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинарды ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, техника ғылымдарының кандидаты Кенжебекова Гулсин Уалиевна өткізді. Іс-шара барысында БНҚ-ға өтінімдер беру ережелері мен заңнамалық талаптар туралы ақпарат берілді. Ұсынылған ережелерді талқылау кезінде қатысушылар тарапынан белсенді пікірталас болды. Спикер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

WhatsApp Image 2025-02-28 at 15.44.45 WhatsApp Image 2025-02-28 at 15.44.45 (2) WhatsApp Image 2025-02-28 at 15.44.45 (1)

Close