
Хабарландыру!
Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар!
2025 жылдың 25-28 ақпан аралығында Эразмус + бағдарламасы бойынша, Қазақ спорт және туризм академиясында физиотерапия, биомеханика және ароматерапия бойынша жетекші мамандар дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді.
Дәрістерді Васил Левски атындағы ұлттық спорт академиясының (София, Болгария) профессорлары оқиды.
Румиана Ташева – PhD докторы, профессор
Диана Добрева – PhD доктор, профессор
Дәрістер мен практикалық сабақтар офлайн форматта 218 аудиторияда және екінші корпуста, №32 кабинетте 2025 жылдың 25-28 ақпан аралығында сағат 10.00-ден бастап өткізіледі.
(кестеде өзгерістер болуы мүмкін, өткізілетін жерде күнін, нақты уақытын сұраңыз)
Дәрістер мен практикалық сабақтардың тақырыптары:
Спорттық физиотерапевттердің құзыреттері;
Спорттық жарақаттардың қауіп факторлары;
Тізе буынының жұмсақ тіндерінің зақымдануындағы биомеханика және патобиомеханика;
Алдыңғы крест тәрізді байламды (ACL) қалпына келтіруге дейінгі және кейінгі физиотерапия;
Ароматерапияны қолдану әдістері: дозасы, рецептері және қолдану жиілігі;
Эфир майларының негізгі қасиеттері: қарсы көрсеткіштер және сақтық шаралары.