Без рубрики
Күллі Түркі әлем жастарын достыққа шақырған Түркі Универсиадасы
«Түркістан – ер Түріктің бесігі ғой, Түркістан – екі дүние есігі ғой» – деп ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай, қасиетті мекен Түркістан топырағында ІІ Түркі Универсиадасы туын тікті. Айтулы байрақты бәсеке ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің игі бастамасымен ұйымдастырылды. Айта кетейік, Түркі Универсиадасы – бауырлас елдерді бір тудың астында бір мақсатқа, бір мүддеге жетелейтін жарыс. Түркі тілдес елдердің ынтымақтастығын одан бетер нығая түсуіне сеп болды десек артық айтқандық емес. Киелі мекен – рухани астана – Түркістан қаласында Түркі Универсиадасын дәл осы шаһарда өткізілуі де осыдан болар.
Жарыстың ашылу салтанатында Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Қазақстан студенттер спорт Одағының Президенті Қайрат Закирьянов қатысушыларға толағай табыстар тіледі.
«Өткен жылы Самарқандта өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде: Қазақстан түркі әлемінің Атажұрты ретінде ұйымға мүше барлық елмен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін жеткізіп, елімізде ІІ Түркі универсиадасын өткізуді ұсынды. Универсиаданы өткізу орны да кездейсоқ таңдалмаған, Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы. Бұл тек бастама. Түркі елдерін біріктіретін іс-шаралар келесі жылы да жалғасын табады. Баршаңызды осындай жарқын оқиғамен құттықтаймын және сәттілік тілеймін!», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Түркі Универсиадасы қарашаның 4-10 арасында өтті. Спорттық бәсекелер 4 күнге созылды. Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан, Өзбекстан және Қазақстаннан барлығы 500-ге тарта спортшы қатысты. Спорттың 7 түрінен, атап айтқанда үстел тениисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресінен студент-спортшылар өзара бақ сынады. Жарысқа келген барлық спортшыда тыңғылықты дайындықпен келген. Волейбол, грек-рим, дзюдо, еркін күрес сияқты спорт түрлерінде қазақстандық спортшылар жасындай жарқырап, есе жібермеуге тырысты.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған ІІ Түркі Универсиадасының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз:
Ерлер арасында үстел теннисі: 3 орын
Қыздар арасында үстел тениисі: 2 орын
Үстел теннисінен жекелей сында:
Санжар Жұбанов – 1орын
Искендер Харки – 3 орын
Ерлер арасында волейбол: 1 орын
Қыздар арасында волейбол: 1 орын
Қыздар арасында дзюдодан:
Жанерке Асқарова 48 кг – 3 орын
Аружан Абылқасым 52 кг – 2 орын
Дина Мұханбет 57 кг – 2 орын
Ақтоты Зарип 63 кг – 3 орын
Диана Мұханбетали 70 кг – 3 орын
Әлия Қожанарова 78 кг – 3 орын
Наргиз
Оразбекова +78кг – 3 орын
Ерлер арасында дзюдодан:
Мадияр мырзахметов 60 кг – 3 орын
Нұрзат Сәлімбаев 66 кг – 1 орын
Ерсұлтан Дүйсенхан 73 кг – 2 орын
Қалдыбек Айғали 81 кг – 3 орын
Айдар Арапов 90 кг – 1 место
Серікболсын Шынтас 100 кг – 2 орын
Мейіржан Әбдімәліков +100 кг – 3 орын
Еркін күрес:
Дәулет Әмірхан 57 кг – 1 орын
Санжар Мұхтар 65 кг – 1 орын
Қуандық Шалдар 70 кг – 3 орын
Санжар Досжанов 74 кг – 2 место
Дәулет Ергеш 79 кг – 1 орын
Әкежан Айтбеков 97 кг – 1 орын
Футзал: Қазақстан – 2 орын
Грек-рим күресі:
Асаухат Мұхамадиев 63 кг – 1 орын
Берік Зинелов 67 кг – 3 орын
Ерасыл Нұрбосынов 72 кг – 3 орын
Шахмат: Қазақстан – 2 орын
1 тақта – Сұлтан Аманжол – 2 орын
3 тақта – Аружан Шаукен – 2 орын
Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан ерлер мен қыздар арасында қазақстандық студенттер жеңістің ең биік сатысына көтерілді. Футзалдан Қырғызстаннан келген команда жеңімпаз атанды. Өзбекстан шахматтан үздік деп танылды. Еркін күресте жерлестеріміз көш бастаса, дзюдода өзбек пен әзірбайжан студенттері чемпиондық тұғырдан көрінді. Ал грек-рим күресінде Түркия елінің балуандары қарсылас шақ келтірмей, бәрінен озық болды. Мажарстан құрамасы үстел тениисінен үздік нәтиже көрсетті. ІІ Түркі Универсиадасында бақ сынаған барлық спортшыны үздік нәтижерімен құттықтаймыз.
Жарыстың жабылу салтанаты Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өтті. Киелі Түркістан жерінде туын тіккен бұл байрақты бәсеке Универсиада қатысушыларының көңілінен шықты. Дәл осы жарыс Түркі тілдес бауырлас елдердің достығын тағы да бір нығая түсуіне себеп болды.
Қазақстан студенттер спорт одағының Президенті Қайрат Закирьянов: «Түбі бір Түркі елдерінің спортшылары бір тудың астында шоғырланды. Мұндай спорттық жарыстарда спортшылар сайыс алаңына шығып, бір-бірімен күш сынасса да, олардың бір мақсаты – татулықты берік ұстану. Осы бір ортақ мүдде мені қуантады» деді.
Түркі Универсиадасы – екі жылда бір ұйымдастырылатын үлкен жарыс. Екінші рет жалауы желбіреген бұл доданың басты мақсаты – түркі әлем студент-спортшыларын бірлікке шақыру. Екі жыл бұрын Әзербайжан астанасы Бакуде бастау алған Түркі Универсиадасы жалғасын таба бермек. 2025 жылы дәл осылай Түркі елдерінің жастары Қырғызстанда кездеседі. Өйткені ІІІ Түркі Универсиадасы Бішкекте өтеді.