Без рубрики

Студенттік спортқа жүйе керек…

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің төрағалығымен «Студенттік спорттың бүгінгі жағдайы» туралы онлайн жиын өтті. Келелі кездесуге Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт одағы, Дене тәрбиесі және бұқаралық спорт академиясы, Дене тәрбиесінің ғылыми-практикалық орталығы өкілдері, спорт сарапшылары қатысты. Жиынның басты мақсаты – Қазақстан студенттер спортын жүйелі түрде дамытуға бағытталған. Осы тақырып аясында жан-жақты баяндамалар тыңдалып, түрлі ұсыныстар талқыланды.
Парасатты пайымдар мен орамды ойлар айтылған жиынның жалғасы ретінде Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының Президенті Қайрат Закирьянов Қазақ спорт және туризм академиясының мамандарымен кездесті. Студенттік спортты дамыту, Универсиадаға бару мәселелері, Халықаралық студенттік спорт федерациясының жұмысына сай жүйелі істер атқару туралы сөз қозғалды. Студенттік спорт саласындағы түйіні тарқамаған мәселелер де қаузалды. Студенттер спортын дамытуға бар күшін салып жүрген Ұлттық студенттік спорт Одағының осы уақытқа дейін атқарылған еңбегі зая кетпеуі үшін барынша жұмыла іске кірісу керектігін қадап айтты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, ЖОО Ассоциациясы, спорт қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық студенттер спорт федерациясының өкілдерінің басын қосып, «Студенттік спорт: бүгін және ертең» атты ауқымды форум өткізу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close