Без рубрики

“Туризм” факультетінің оқытушысы Дуржанова Г. Г. және 3 курс студенттері Алматы облыстық №1 балалар үйіне барып қайтты

Жетім көрсең жебей жүр…

Кез-келген мемлекет қоғамында қай заманда болмасын ең қорғансыз, әрі әлжуаз бөлігі – жетімдер болып табылады.  Жалпы, “жетім” сөзінің мағынасы жалғыздық дегенді білдіреді. Қазақ халқы жесірін қаңғытпаған, жетемін жылатпаған.

Бүгінде мемлекет қамқорлығы аясында елімізде жүз елуден астам балалар үйі жұмыс жасайды. Жыл сайын қазағымның қара домалақ ұлдары мен қарагөз қыздары шетелдік азаматтардың қамқорлықтарына ие болуда. ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 1999-2014 жылдар аралығында 8169 сәбиді шетелдіктер асырап алған. Соңғы он жылдықта қазақстандық жетім балалар әлемнің отызға жуық еліне әкетілген.   Әрине, мұндай көрсеткіш қазақ халқы үшін қуантарлық жағдай деуге келмес. Соның бірі Алматы облыстық №1 балалар үйі.  Бұл мекеме 2000 жылы құрылған. Қазіргі уақытта бұл балалар үйінде 100 ден аса балалар қамқорлық аясында.

9 ақпан күні Қазақ спорт және туризм академиясының “Туризм ” факультетінің магистр, оқытушысы Дуржанова Гулнур Галымовна және қазақ тобының 3 курс студенттері Алматы облыстық №1 балалар үйіне барып қайтты.  Мекемеге жаңадан түскен 24 баладан құралған топқа өз көмектерін көрсетті. Бұл топтағы балалардың ең үлкені 15 жаста болса, кішкентайы 3 жаста екен. Жақын арада түссе де, бір-біріне туғандарындай қамқор болған балалар әрине, әке мейірімін, ана құшағын аңсайды.  Балалар қарым-қатынастың көп бөлігін балалар үйінің қабырғасында ғана емес, сонымен қатар бұдан тыс жерлерде де өткізе алады. Топқа тәжірибелі педагогтар мен мейірімді тәрбиешілер балаға білім беруге және ең бастысы болашақ өмірге қорықпай, нық қадам басуға мүмкіндік береді. Бұл балалар үйінде апта сайын балалардың өз өнерлерін көрсетуге арналған әр түрлі танымдық іс-шаралар өткізіліп тұрады. “Тас түскен жеріне ауыр” дегендей кез-келген адамның жанының тыныштығын бұзып, жүрегіне жара салатындай қайғы-қасіреттер орын алып жатады. Мұндай тағдырдың сынағымен әркім өз бетінше күреседі. Ал, осылардың ішінде барлық елде қоғам болып алаңдайтын жайт бар. Ол- жетімнің көз жасы. Ия, тамақ, киім табылады. Бірақ, әке-шешенің мейірімін ешкімде бере алмайды. Рас, бүгінде әр түрлі жағдайларға байланысты отбасыдан, әке-шеше махаббатынан аңсаған жетімдер санын бір түнде азайта алмаймыз. Не себепті қоғамымызда жетім мен қиын өмір жағдайына ұшыраған балалар көбеюде, оларға кім көмек қолын созып, кімнің жаны ашып, кім назарға алуда. Бұл сұрақтарға жауап алу қиын. Қазақта “Жетімнің көз жасы удан да ащы” деген сөзге қарамастан бұл мәселенің күрделеніп жатқаны жасырын емес.  Сол себепті жастардың бойында мейірімділік, қайырымдылық сезімдерін   ұлғайтып, өсіп келе жатқан ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдырдың қиын сынағына ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға қоғамның, жастардың назарын аударту қажет. Әйтседе, мейірімге сараңдық танытпаудың арқасында бір балаға екінші өмір сыйлау -баршамыздың қолымыздан келетін амал.

Құрметті, қазақ жастары! Қазақ қызы және қазақ жігіті деген абыройлы атқа сай болайық! Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қарттарын қадірлеген қоғамымызды қайта жаңғыртайық!

Магистр, оқытушы Дуржанова Г.Г

«МІжМБ»  мамандығының 3 курс студенті Қалиасқарова Ж.Х

WhatsApp Image 2023-02-13 at 10.24.41 (1)WhatsApp Image 2023-02-13 at 10.24.40 (1) WhatsApp Image 2023-02-13 at 10.24.41 WhatsApp Image 2023-02-13 at 10.24.40

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close