Без рубрики

Жеңіс бізде!

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту басқармасының ұйымдастыруымен волейболдан «ALMA CUP 2023» турнирі өтті. Қыздар арасында өткен сайысқа Алматы қаласынан ең үздік 16 команда қатысты. ЖОО студенттері бас қосқан дәстүрлі жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Әсіресе «Рахат» және «АДК» командалары арасындағы ақтық сын қызыққа толы болды. Айта кетерлігі, бұл екі құрама да біздің Қазақ спорт және туризм академиясының қыздары. Бұл – Академия үшін үлкен мақтаныш. Екі бірдей команданы аламанға қосқан жаттықтырушы Ерлан Шаңқұловтың еңбегін жоғары бағалау керек. Бабы мен бағы қатар шапқан қос команда да өте тыңғылықты дайындықпен келген. Академиямыздың «Рахат» қыздар командасы жеңістің ең биік сатысына көтеріліп, үздік атанды. Ал «АДК» қыздар құрамасы күміс жүлдені еншіледі.
Тартыс ұлдар арасында да жалғасын тапты. Алматы қаласының ЖОО студенттерінен құралған ерлер құрамасынан 26 команда қатысты. Кіл мықтылар жиналған додада Қазақ спорт және туризм академиясының жігіттері де жеңісті бере қоймады. Нағыз спортшыларды дайындайтын жоғары оқу орнында оқитындарын дәлелдеген біздің «Буревестник» командасы да турнир жеңімпазы атанды.
Бұл күн – академия үшін жеңіске жеңіс ұласқан сәтті күн болды. Жарысқа спортшыларды сақадай сай етіп, баптап қосқан жаттықтырушы Ерлан Шаңқұлов мырза мен «ALMA CUP 2023» турнирінің ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз.
393855810_1019677635817932_734900359156641426_n 393910082_1019677702484592_8460901454219990741_n393796704_1019677675817928_4896965083676043242_n  394394528_1019677712484591_5980681831226865205_n 394442741_1019677649151264_5264521769232782032_n 394349802_1019677725817923_5815148767951099344_n
Close