
2026 жылғы 21 қарашада Астана қаласында дарынды студенттер арасында «ЖЫЛ СТУДЕНТІ – 2026» республикалық байқауы өтті. Аталған байқауды «Парасат» ұлттық білім және инновация орталығы мен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырды.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақ спорт және туризм академиясының Туризм және спорт менеджменті факультетінің SPORT 24-2 тобының студенті Айару Досболқызы жоғары жетістікке қол жеткізіп, I дәрежелі дипломмен, «ЖЫЛ СТУДЕНТІ» төсбелгісімен, арнайы куәлікпен және естелік статуэткамен марапатталды.
Сонымен қатар студенттің жетістігіне қосқан үлесі үшін жетекшісіне диплом, ал ата-анасына алғыс хат табысталды.
Бұл марапат – студенттің ізденісі мен еңбегінің, білімге деген ұмтылысының және жоғары жетістіктерінің лайықты бағасы.









