тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында Әлем Кубогі өтті

2025 жылғы 21-30 шілде аралығында Чехияның Пардубице қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы және Чехия Манкала Федерациясының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында Әлем Кубогі өтті.
Жарыс тоғызқұмалақтың рапид және блиц түрлері бойынша өткізілді. Додаға 10 елден – Чехия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Румыния, Түркия, Австрия, Украина, Венгрия, Қырғызстан және Қазақстаннан келген спортшылар қатысты.

Жарыс өз мәресіне жетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аталған халықаралық додада Алматы облысының спортшысы, Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Хуатқызы Меруерт блиц түрі бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, 3-орынға ие болды.

WhatsApp Image 2025-07-30 at 18.05.54 WhatsApp Image 2025-07-30 at 18.05.54 (3) WhatsApp Image 2025-07-30 at 18.05.54 (2) WhatsApp Image 2025-07-30 at 18.05.54 (1)

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма